Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » Шымкентте магистральді көшелер күнделікті тазаланады

Шымкентте магистральді көшелер күнделікті тазаланады

Елімізде болып жатқан саяси жаңғырулар енді экономикалық өзгерістерге ұласпақ. Президентіміз өз Жолдауында экономикалық дамдуың нақты бес бағдарын айқындап, дамудың даңғыл жолын көрсетті. Жолдауда ««Жергілікті өзін-өзі басқару мәселелеріне, қоғамдық кеңестердің, пәтер иелері кооперативтері мен мүлік иелері бірлестіктерінің  қызметін өзгертуге  айрықша назар аудару қажет. Тұрғын-үйлер мен қала инфрақұрылымын абаттандыру мәселесін қолға алу керек», деп айтып өткен болатын.

Шымкент қаласында магистральді көшелерде санитарлық, механикалық және қолмен тазалау жұмыстары күнделікті жүргізіледі, деп хабарлайды jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.

Қазіргі таңда арнайы бригадалар газондарды орып, ағаштар мен жасыл желектерді зиянкестерден, күннен қорғау үшін әктеуге кірісті. Сондай-ақ, ауын- шашын салдарынан су алу қауіпі бар аумақтар да қатаң бақылауға алынды. Қаладағы 443 магистральды көшенің тазалығына 5 мердігер мекеме бекітілген. Орталық көшелерді тазалау жұмыстарына күн сайын 1500-ге жуық жұмысшы, 100-ден аса техника жұмылдырылуда.

Сонымен қатар, ішкі орам көшелер мен қоғамдық орындарда, көпқабатты тұрғын үйлер мен жеке секторларда тазалық жұмыстары кестеге сай жүргізілуде.

Еске сала кетейік, қала әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен өткен мәжілісте аудандардағы ретсіз сауда мен санитарлық тазалық бойынша атқарылған жұмыстар талқыланды. Қазіргі таңда қала аумағындағы тазалық шараларына 300-ден астам адам, 50-ден аса техника жұмылдырылған. Арнайы бригадалар 40-қа жуық секторда жұмыс жүргізуде. Тұрмыстық қалдықтар көпқабатты тұрғын үйлерден күн сайын, жеке секторлардан аптасына 1-2 реттен жиналуда. «Туындаған мәселелерді дер кезінде шешу үшін халықпен тұрақты кездесулер ұйымдастырып, қандай да бір шешім қабылдауда тұрғындардың пікірін ескеріңіздер. Әр ауданда өзекті мәселелер бойынша арнайы мониторинг жүргізіліп отыруы тиіс», — деді қала әкімі.

Сондай-ақ, Мұрат Дүйсенбекұлы қала тазалығын сақтауда қоғамдық мәдениетті қалыптастыру қажеттігін жеткізді. Сонымен қатар жауаптыларға аудандарда ретсіз саудамен күресті жою үшін рейдтік шараларды жүйелі түрде ұйымдастыруды тапсырды. Одан бөлек, қала әкімі жайлы ортаны дамыту басқармасының қала аумағындағы көшелер тазалығын жақсартудағы жоспарларымен танысты. Аталған жұмыстар 5 бағытта жүргізіліп жатыр.

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*