Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » ШЫМКЕНТ: БИЫЛ 800-ДЕН АСА ЖҰМЫСШЫ ЖАС БАСПАНАЛЫ БОЛАДЫ

ШЫМКЕНТ: БИЫЛ 800-ДЕН АСА ЖҰМЫСШЫ ЖАС БАСПАНАЛЫ БОЛАДЫ

Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты жыл сайынғы Жолдауында «Адамдар үшін басты қағидаттардың бірі тұрғын үй мәселесі болып табылады» деген болатын. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша тұтас тұрғын үй бағдарламасы әзірленетін болады. «Оның әкімшісі ұлттық даму институтына айналатын «Отбасы банк» болады. Банк алдында «бір терезе қағидаты» бойынша азаматтардың арасында тұрғын үйді есепке алу мен бөлуді қамтамасыз ету міндеті тұр», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Биыл Шымкентте «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында – 324 арендалық пәтер, жұмыс істеп жүрген жастарға – 888 пәтер, несиелік негізде – 1919 пәтер беру жоспарланған. Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте қалалық тұрғын үй басқармасының басшысы Жанат Өтебаева мәлімдеді.
2022 жылы Шымкент қаласында жұмысшы жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй беру бағдарламасы аясында 857 жас қоныс тойын тойлаған. Биыл 888 жасты арендалық баспанамен қамту көзделіп отыр. Конкурсқа өтінімдер қабылдау, өңдеу, келісімшартқа тұру жұмыстары толықтай электронды нұсқада жүргізілетін болады.
Өтініш берушінің өтініш бергенге дейін соңғы 3 жылда Шымкент қаласында тұрақты тіркеуі болуы және иелігінде тұрғын үй тіркелмеуі тиіс. Сондай-ақ, қатысушының айлық табысы 40 АЕК — тен кем болмауы қажет.
Қатысушаларды іріктеу балдық жүйе арқылы іске асады. Шымкент қаласы бойынша әзірге жастар бағдарламасы басталған жоқ. Бұл бойынша алдын ала БАҚ-та және әлеуметтік желіде хабарландыру жарияланатын болады.
Биылдан бастап 35 жасқа дейінгі азаматтар жастар санатына жатқызылып, баспанамен қамтылуда мемлекеттік қолдауға ие болды. Бұған дейін жастар санатына 29 жасқа дейінгі азаматтар кіретін.
Айта кетейік, 2023 жылы Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік бағдарламасы аясында 324 пәтер- арендалық, оның ішінде кезегі келген халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы, көпбалалы отбасыларға және жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар санатындағы азаматтарға, тұрғын үй кезегіндегі мемлекеттік қызметкерлерге беріледі. Сондай-ақ, 2023 жылға қайтарымсыз негізде тұрғын үй сертификаттарын беру жоспарланып, ағымдағы жылдың 23 қаңтарынан бастап тұрғын үй сертификаттарын алу үшін электронды түрде құжат қабылдау жүргізілуде. Қазіргі таңда 141 азаматқа тұрғын үй сертификаттары берілді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*