Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » ЕРЕКШЕ ЖАНДАРДЫ ҚОЛДАУ — ҚОҒАМНЫҢ ПАРЫЗЫ

ЕРЕКШЕ ЖАНДАРДЫ ҚОЛДАУ — ҚОҒАМНЫҢ ПАРЫЗЫ

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында «Біз «Азамат – бизнес – мемлекет» арасындағы қатынасты түбегейлі өзгертеміз. Мемлекет, ең алдымен, бәріне бірдей мүмкіндік беріп, әділдік орнатады. Қоғам игілігіне арналған қызмет деңгейі жоғары болуына кепілдік береді. Әлеуметтік жағынан әлсіз топтағы азаматтарға қолдау көрсетеміз. Мүмкіндігі шектеулі жандарға да көмектесеміз, деп айтқан болатын.
Бүгін Шымкент қаласында ерекше жандар үшін ерекше мерекелік іс-шара өтті.
Шымкент қаласының әкімдігі мен мәслихаты және Шымкент қалалық «Азаматтық Альянсы» ЗТБ, Атамекен кәсіпкерлер палатасы, AMANAT партиясының өкілдерінің ұйытқы болуымен ұйымдастырылған іс шараға «Оған «IamBala» ҚҚ, «Ерекше жол», «Жақсы сиқыршы», «Рахмет саған, анашым» ОМД, «Өркен» ББФ, «Жігер» ҚБ, «Шымкент қаласындағы Мүгедектердің қалалық қоғамы» ҚБ, «Іскерлік қауымдастық» ҚБ қамқорлығындағылар және Шымкент қалалық арнайы мектеп-интернаттарының тәрбиеленушілері қатысты.
Ерекше жандарға арналған мерекелік ісшараның негізгі мақсаты балаларға жақсы көңіл-күй сыйлау, түрлі қорлардың қамқорлығындағы адамдармен кездесіп, пікір алмасу болатын.
Көрме залы бірнеше секторларға бөлініп, түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Ерекше балаларға арналған шеберлік сағаты, балалардың шығармашылық жұмыстарының көрмесі, суреттер, аппликациялар және қолөнер шеберлерінің бұйымдары да келушілердің назарына ұсынылды.
Ойын-сауық секторында аниматорлар балалармен жұмыс істеп, түрлі конкурстар ұйымдастырып, балаларға қызықты ойындар ойнатты. Сондай-ақ, жиналғандар концерт алаңында балалар мен даму ерекшеліктері бар адамдардың өнерін тамашалады.
Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен «ARMAN ALANI «Қазақстандық коалициясы» ЗТБ және Шымкент қаласының «Азаматтық Альянсы» ұйымдастыруымен өтіп жүрген аталмыш іс-шаралардың маңызы зор.
Ол балалар мен даму ерекшеліктері бар адамдардың шығармашылығын, ізденіс дүниетанымын жан-жақты дамытуда үлкен рөл атқарып келеді. Алдағы уақытта да ерекше жандарға арналған шаралар жалғасын таба бермек.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*