Мемлекет басшысы өз Жолдауында денсаулық саласына баса мән берді. Ол: «Еліміздің басты құндылығы – адам. Бұл – айқын нәрсе. Сондықтан, ұлттық байлықты тең бөлу және баршаға бірдей мүмкіндік беру – реформаның басты мақсаты. Ұлт саулығы жақсы болса ғана, қоғам орнықты дамиды. Медициналық инфрақұрылымды кешенді түрде жақсартуға баса назар аудару керек», деп атап өтті.
Ана денсаулығы – ұлт саулығы. Қоғам дамуында ана мен бала өмірі үлкен жауапкершілікті талап ететіні түсінікті жайт. Бүгінде ана мен бала денсаулығы өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Ана мен баланы қорғау кез келген мемлекеттің ішкі саясатының басым бағыты ретінде қарастырылады.
Шымкентте АИТВ жұқтырған 646 әйел өмірге дені сау ұрпақ әкелген. Бұл туралы ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық мамандары мәлемдеді. Салаға жауаптылардың сөзінше, инфекция жұқтырған аналар мен балалар қоғамға қауіпті емес.
Шымкентте ВИЧ жұқтырған 646 әйел босанған. Орталықта тіркеуде тұратын азаматшалардың барлығы дені сау сәбиді дүниеге әкелген. Инфекция жұқтырған аналардың балаларын дәрігерлер бір жылдан кейін ғана есептен шығарып, диагноз қояды. Салаға жауаптылардың сөзінше, ВИЧ-ке шалдыққандардың басым бөлігі жыныстық қатынас арқылы жұқтырғандар. Өкініштісі сол, инфекция жұқтырғандар ауруын мойындамай, ем жасауға қарсылық танытады. Бірақ АИТВ инфекциясын жұқтырғандар дер кезінде ем алса, өмір сүру ұзақтығы дені сау адаммен бірдей болады дейді мамандар.
—АИТВ адам ағзасын әр түрлі инфекциядан қорғайтын иммунды жүйені зақымдайды. Біз АИТВ инфекциясын емдеуде ДДҰ ұсынған хаттамаларды қорлданамыз. Дертке шалдыққан адамның өмірін дәрі беру арқылы ұзартуға болады. Егер дәрі ішіп, уақытылы ем алса өмір ұзақтығы табиғи сау адамен бірге созылуы мүмкін: Сондай-ақ дені сау бала әкеле алады,- дейді Шымкент қалалық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жөніндегі орталықтың бас дәрігерінің орынбасары Қожахмет Маширов.
АИТВ инфекциясы бар азаматтарға ЖИТС орталықтарында емдеу жұмыстары тегін жүргізіледі.
Айта кетейік, республикалық бюджет есебінен 2025 жылға дейін 200 төсек-орынды перзентхана салынады. Бұл №1 перинаталдық орталықтың жүктемесін азайтып, сапалы медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Орталықтың іргетасы Ақжайық шағынауданында қаланады. Жоспар бойынша 2025 жылға дейін қалада 6 емхананың қажеттілігі туындайды. Нысандар құрылысына инвестиция тарту жұмыстары жүргізілуде.