Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » Шымкентте еуропалық иммундау апталығы өткізіледі

Шымкентте еуропалық иммундау апталығы өткізіледі

Мемлекет басшысы өз Жолдауында денсаулық саласына баса мән берді. Ол: «Еліміздің басты құндылығы – адам. Бұл – айқын нәрсе.  Сондықтан, ұлттық байлықты тең бөлу және баршаға бірдей мүмкіндік беру – реформаның басты мақсаты. Ұлт саулығы жақсы болса ғана, қоғам орнықты дамиды. Медициналық инфрақұрылымды кешенді түрде жақсартуға баса назар аудару керек», деп атап өтті.

Шымкент қаласында 23-29 сәуір аралығында еуропалық иммундау апталығы өткізіледі, деп хабарлайды jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл туралы Шымкент қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Айгүл Мелесқызы брифинг барысында мәлімдеді. Қазақстанда иммундау мәселесі денсаулық сақтау саласындағы басым бағыттардың бірі. Халықты вакцинациялаудың нәтижесінде вацинамен басқарылатын жұқпалы аурулармен сырқаттанушылық деңгейі едәуір төмендейді. Иммундау халық сырқаттанушылығын, өлім-жітімі мен жұмысқа жарамсыздығын болдырмаудың емдеу құнына қатысты экономикалық тиімділігі жоғары шара деуге болады. Бүгінде иммундаудың еш баламасы жоқ.

Иммундау аптасының мақсаты – барлық жастағы адамдарды аурулардан қорғауға жәрдемдесу, адам өмірінің барлық кезеңдерінде вакцинациялаудың пайдасы жөнінде халықты және медицина қауымын, оның ішінде денсаулық сақтау қызметкерлеріне вакцинациялаудың маңыздылығы туралы хабардар ету. Иммундау апталығы аясында Шымкент қаласындағы тұрғындар арасындағы сырқаттанушылыққа әсерін тигізетін екпе салдырмаған, вакцинадан бас тартушыларға және тіркеусіз, тұрақты мекенсіз өмір сүретін халықтың қиын топтарына ерекше назар аударылады. Иммундау аптасы қала аумағында тұратын халықтың барлық топтарының назарын иммундаудың маңызына аударуға көмегін тигізеді.

Айта кетейік, 2005 жылдан бері Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасы бойынша Еуропа аймағында, 2006 жылдан бері Қазақстан Республикасында иммундау аптасы өткізіледі. Дүниежүзілік иммундау апталығы біздің елімізде де кеңінен аталып өтіледі. Өз кезегінде иммундау миллиондаған өмірді құтқарады және мамандардың көпшілігімен ең тиімді араласу шараларының бірі ретінде мойындалған.

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*