Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » Шымкент: Жыл басынан бері қызылша ауруының 12 жағдайы тіркелді

Шымкент: Жыл басынан бері қызылша ауруының 12 жағдайы тіркелді

Мемлекет басшысы өз Жолдауында денсаулық саласына баса мән берді. Ол: «Еліміздің басты құндылығы – адам. Бұл – айқын нәрсе.  Сондықтан, ұлттық байлықты тең бөлу және баршаға бірдей мүмкіндік беру – реформаның басты мақсаты. Ұлт саулығы жақсы болса ғана, қоғам орнықты дамиды. Медициналық инфрақұрылымды кешенді түрде жақсартуға баса назар аудару керек», деп атап өтті.

Осы орайда, сала мамандары тұрғындарға жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.

Шымкент қаласы бойынша жыл басынан бері қызылша ауруының 12 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды jetpisbai.kz. Бұл туралы Шымкент қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің инфекциялық және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы Жанаргүл Шарипқызы брифинг барысында мәлімдеді. 2021-2022 жылдары Шымкент қаласында қызылша ауруы тіркелмеген. Ал биыл жыл басынан бері қызылшаның 12 жағдайы тіркелді. Оның 9-ы зертханалық расталды, 3 науқастың сынамалары тексерілуде. Ауырғандардың ішінде 14 жасқа дейінгі балаларда 8 жағдай, оның ішінде қызылшаға қарсы егуін алмаған балалар 85,7% құрап отыр.

Қызылша – ауа жолы арқылы өте жылдам таралатын вирусты жұқпалы аурулардың бірі. Бұрын қызылшамен ауырмаған немесе егілмеген адам қызылшамен ауырған адаммен байланыста болса, жұқтыру мүмкіндігі өте жоғары. Ауру байланыс және ауа арқылы ауа-тамшы жолымен таралады. Вирус сыртқы ортаға ауырған адам сөйлегенде, жөтелгенде, түшкіргенде бөлінеді. Вирустың тез тарайтыны соншалықты, сыртқы ортада тұрақсыздығына қарамастан, ауа толқынымен ғимараттың вентиляциялық жүйесі арқылы таралған жағдайлар да белгілі. Бұл аурумен ауырып жазылған адам өмір бойы иммунитетін сақтайды.

Қызылшамен ауырған аналардан туылған балалар 3 айға дейін бұл ауруға шалдықпайды. Өйткені осы аралықта олардың қанында анасынан берілген антиденелері сақталады. Бұл аурумен ауырмаған және егілмеген адамдар қызылшаны жұқтыруға бейім болады және өзінің өмірінде кез-келген жаста ауру жұқтыруы мүмкін. Науқаспен байланыста болғандар 21 күн медициналық бақылауда болады. Инкубациялық кезеңі жұқтырғаннан кейін бірінші белгілері пайда болғанға дейін, яғни 7 күннен 14 күнге дейін созылады. Айта кетейік, қызылшамен ауырған адамның иммунитеті өмірінің соңына дейін болады және егілмейді.

Сондықтан қызылшаның алдын алудың ең тиімді, сенімді және баламасыз жолы – вакцинация. ҚР ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес, ең алғашқы вакцинация дені сау кезінде балаларға 12-15 айлығында, екіншісі 6 жаста салынады.

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*