Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » «ШЕЖІРЕ КҮНІ» АЯСЫНДА МӘДЕНИ ШАРА ӨТТІ

«ШЕЖІРЕ КҮНІ» АЯСЫНДА МӘДЕНИ ШАРА ӨТТІ

Қазақстанда биыл Наурыз мерекесін 10 күн бойы атап өту ұсынылған болатын. Бүгін, яғни, 16 наурыз – Шежіре күні болып белгіленген болатын.
Осыған орай қаладағы «Шымкент қалалық мәдениет үйі» концерттік ұйымы» МКҚК-на қарасты Жаңаталап, Қызылжар, Сайрам, Шапырашты мәдениет үйлерінде «Шежіре күні» аясында «Туған өлкем — жұмақ мекен» атты мәдени шара өтті. Бұл туралы қалалық ақпараттық -коммуникациялық орталығына сілтеме жасаған «jetpisbai.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Аталған шара өскелең ұрпаққа өз тарихын білуге, ер-азаматты патриотизмге баулуға, сондай-ақ, елге қорған болған алып тұлғаларымыздың есімін кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отыр.
Мәдени шара барысында тарихи шежіреге байланысты сахналық қойылымдар, бейнероликтер көрсетіліп, қала өнерпаздары мерекенің ажарын аша түсті.
Елдімекен тұрғындары мен қонақтары дәстүрлі әндер мен жырлардан бөлек туған өлкенің тарихы, туған елден шыққан тұлғалардың, ел мақтаныштарына айналған азаматтардың өнегелі істері жайында жан — жақты мағлұмат алды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*