Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Дін » ПАРАҚОРЛЫҚ – ЖҮРЕК ДЕРТІ

ПАРАҚОРЛЫҚ – ЖҮРЕК ДЕРТІ

ҚМДБ-ның «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында Шымкент қаласы бойынша мешіттерде «Жүрек дерті және одан арылу жолдары» атты жұма уағыз-насихат айтылды.
Осы айта кетсек, аталмыш жұма тақырыбы аясын жан-жақты ашып, түсіндіру жүргізілді. Бүгінгі таңда, жүрек дертіне рухани кесел болып жабысқан парақорлық пен жемқорлықты айтуға болады.
Осы жөнінде қала бойынша мешіттерде қосымша парақорлық пен жемқорлықтың ел дамуына зияны туралы кең көлемде түсіндіру жүргізілді. Жиын барысында имам дін тұрғысында пара бергенде, алғанда кінәлі екендігін айтып, барша қатысушыларды еңбекпен, адал табыс табуға шақырды. Сыбайлас жемқорлықпен күресу тек мемлекеттік мекемелердің жұмысы емес, онымен бүкіл қоғам болып күресуіміз керек, сондықтан еліміздің өркендеуі жолында игі жақсы амалдарды жасауға және жемқорлық індетімен күреске бірге атсалысайық.
Рухани шараның жоғары деңгейде өтуіне аудандық мешіт имамдары мен қалалық Дін істер басқармасы, «Шымкент медресе» колледжі, қалалық «Зекет және қайырымдылық» қоры, «Жастар ісі» секторы «Әйел-қыздар» секторы, «Әжелер» мектебінің мүшелері т.б. мешіт жамағаттары қатысты.
Бүгінде отбасы мәселесі, со­ның ішінде ажырасу жағдайы азаяр емес. Мәселен, 2022 жылы ҚМДБ-ның Орталық аппаратына отба­сы мәселесі бойынша 345 өтініш келіп түсті. Шариғат және пәтуа бөлімінің қызметкерлері 332 отбасын сақтап қалуға үлес қосты. Біздің имамдарымыз қо­ғам­дағы түйткілді мәселелерге төтеп беріп, ажырасуға шешім қабыл­даған қаншама отбасын сақтауға тырысып келеді. Осы орайда бас имамдарға жергі­лік­ті әкімдіктермен келісе отырып, мүмкіндікке қарай елі­міз­дегі АХАЖ бөлімдері қыз­мет­­керлерімен бірлесіп, неке және отбасын сақтау мәсе­ле­сін қа­растыруды, медиация жұ­мы­сына белсенді түрде арала­су­ды және мешіттер жанын­дағы «Отбасылық кеңес беру орта­лық­тары» жұмысын жетіл­діру­ді тапсырдым. Сонымен қатар қоғамдағы ажырасудың алдын алу мақсатында мешітке келуші жамағатқа және әлеуметтік желі арқылы уағыз-насихат жұ­мыс­та­рын күшейту, осы бағыт­та арнайы бейнероликтер дайындау қажет. Өткен жылы еліміз бойынша халыққа отбасы құндылығы, Отанның қадірі, еңбек етудің маңызы, салт-дәстүр, т.б. тақы­рып­тарда 275 мыңға жуық уағыз-насихат ай­тылды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*