Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Отбасы құндылығы және деструктивті діни ағымдардың ықпалының алдын алу» бағытында «Шымкент жоғары педагогикалық колледж» жастары арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Мақсаты — жастарға экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселелері, діни ағымдардан сақтану туралы терең түсінік беру, ата-ананы құрметтеу, бейбітшілік пен адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін түсіндіру.
Кездесуге Шымкент қаласының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Уалихан Самат қатысып, түрлі кереғар діни ағымдардан сақтану жолдары мен оның алдын алу туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Отбасылық құндылықтар отбасының негізі болып табылады. Ол әдет-ғұрыптардан, дәстүрлер мен қарым-қатынас туралы түсініктерден құралады. Мұның бәрі аға ұрпақтан жастарға беріледі, ол мезгіл-мезгіл өзгеріп отырады. Алайда, отбасының негізгі құндылықтары әрқашан өзгеріссіз қалады. Отбасы құндылықтарының белгілі бір жиынтығынсыз өмір сүре алмайды. Өйткені қоғам бірлігі құрылмаса, отбасылық құндылықтар өз мәнін жоғалтады. Ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынас дәл отбасылық құндылықтар негізінде қалыптасады. Сондықтан ерлі-зайыптылар жылдар бойы рухани денсаулық пен бірлікті сақтауы тиіс.
Жиында зорлық-зомбылықтың алдын алу, нашақорлық, темекі шегу мен алкгольдік ішімдіктерден аулақ болу мәселелрі де жастарға кеңінен тсүіндірілді.
Сондай-ақ, отбасылық құндылықтар отбасын құру кезінде ғана емес балаларды тәрбиелеуде де маңызды рөл атқарады. Отбасын құрғанда адам өмірге ұрпақ әкеліп қана қоймай, сонымен бірге оған жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды, ата — бабасының салт — дәстүрін, жас ұрпақтың бойына сіңіртеді.
Отбасылық құндылықтар адамның санасында өте қарапайым түрде қалыптасады. Бұл процесс бірнеше кезеңнен тұрады:
— Балалық шақта;
— Мектеп жасында;
— Ересек өмірде.
Отбасындағы бала тәрбиесі де – маңызды амалдың бірі. Біздің халықта бала тәрбиесіне қатысты қағида қалыптасқан: «Бес жасына дейін баланың құлы бол, бес жас пен он бес жас аралығында оны құлыңдай жұмса, он бес жастан кейін досыңдай сырлас».
Бұл – бала тәрбиесіндегі басты құндылықтар. Жүсіпбек Аймауытов бір сөзінде: «Тәрбиеге әсер беретін нәрсе: баланы жан-жақты білу керек», – деген екен. Баланы дұрыс білу, қарым-қабілетін жан-жақты тану, көңіл-күйін аңғару, мұның бәрі оны тәрбиелеуге, былайша айтқанда жақсы басқаруға оң әсер етеді.
Дәстүрлі отбасылық құндылықтар дегеніміз қарт адамдардың жас отбасыға берген ақыл-кеңестері. Қазіргі таңдағы жас отбасылардың ажырасу статистикасы өскеніне байланысты жас отбасыларға олардың дәстүрлі отбасылық құндылықтары туралы теледидардан, ғаламтордан көруге болады. Әр отбасыда бұл құндылықтар әртүрлі.Бірақ олардың ұқсас жақтары да бар. Мысалы, кез-келген отбасыда дінді сақтау, некені бұзбау, ұрпақ жалғастыру, баларды тәрбиелеу деген дәстүрлі отбасылық құндылықтар ортақ болады.