Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ШЫМКЕНТТІК СӘНГЕРЛЕР «НЕО-ФОЛЬКЛОР» ҰЛТТЫҚ БАЙҚАУЫНДА ҮЗДІК АТАНДЫ

ШЫМКЕНТТІК СӘНГЕРЛЕР «НЕО-ФОЛЬКЛОР» ҰЛТТЫҚ БАЙҚАУЫНДА ҮЗДІК АТАНДЫ

Қазақстанның барлық өңіріндегі колледжері арасында «Нео-фольклор» стиліндегі киім дизайнерлерінің I ұлттық байқауы өтті.
Ұлттық конкурс ҚР Білім және ғылым министрлігі және «Рухани жаңғыру» Қазақстандық қоғамдық даму институтының қолдауымен, Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ұйымдастыруымен сән индустриясы саласындағы жас таланттарды анықтау мақсатында өткізілді. Байқауға Қазақстанның 27 колледжінен 50-ден астам үміткер қатысты.
Сарапшы қазылар қатысушылардың екі ай бойы өткен топтама үлгілерін, жеке суреттерін, оқу орындары жайлы бейнероликтері мен топтамаларының көрсетілімі бойынша бағалады.
Байқау жеңімпаздарына 9 аталым бойынша жүлделі орын берілді. Нәтижесінде І орынды Шымкент қаласының Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжінің «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығының студенті Мәриям Бекмұрза еншіледі.
Айта кетейік, байқау үстіміздегі жылдың 1 ақпаны мен 12 наурыз аралығында онлайн форматта өтті. Сондай-ақ шымкенттік болашақ дизайнер Бекмұрза Мариям Испанияда өтетін Marbella Fashion Week сән байқауына және Өмірбай Жаннұр Швецияда өтетін Stockholm International Fashion Fair сән байқауына қатысуға жолдама алды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*