Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Спорт » ШЫМКЕНТТІК ТӨРЕШІ АЗИЯ ҚҰРЛЫҒЫ ТӨРЕШІЛЕРІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ АТАҒЫН АЛҒАН

ШЫМКЕНТТІК ТӨРЕШІ АЗИЯ ҚҰРЛЫҒЫ ТӨРЕШІЛЕРІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ АТАҒЫН АЛҒАН

Бақытжан Жақсықұлов талай шәкірт тәрбиелеп, әлемдік деңгейдегі байрақты бәсекелерде төрелік жасап жүрген белгілі азамат. United World Wrestling Супервайзері (Азия құрлығы төрешілерінің жетекшісі) атағын алған алғашқы қазақстандық.
Бапкер, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы болды. Республикалық жарыстарда, Азия чемпионаттарында, Халықаралық жарыстарда төрелік ету дәрежесіне сатылап жетіп, 2011 жылы әлемдегі Халықаралық Олимпиада дәрежесіндегі 50 төрешінің қатарына енді. Олимпиада дәрежесіндегі төрешілер спорт әлеміндегі ең жоғарғы элита. Бұл дәрежеге лайықтыларды FILA бекітеді. Демек, бұл еліміздің үлкен жетістігі, мақтанышы десек те болады. Спорттың «Грек-рим, еркін және әйелдер күрес» түрлерінен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы.
2012 жылы өткен Лондон және Рио-2016 Олимпиадаларында төрешілік еткен.
Алғашқы қызмет жолы 1999 жылы Шымкент қаласындағы №5 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған спорт мектебінде аға жаттықтырушы болудан басталған. Кейіннен ОҚО жекпе-жек түрлерінен жоғары спорт шеберлер мектебінің еркін күрес бөлімінің аға жаттықтырушысы болып тағайындалды.
2013 жылдан бері Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты Ләззат Тәжиева атындағы №4 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры қызметін абыроймен атқарып келеді.
Аталған мектепте балаларды спорттың 10 түрі бойынша баулиды. Спорт ойындарынан — гандбол, волейбол, баскетбол, интеллектуалдық ойын түрлерінен — шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, жекпе-жек түрлерінен — қазақ күресі, белбеу күресі, бокс және ауыр атлетика.
Бақытжан Жақсықұлов мектепте бүгінгі таңда 848 спортшы бар, оның ішінде 1 гроссмейстер, 4 Халықаралық дәрежедегі спортшы, 21 спорт шебері, 85 спорт шеберіне үміткер, 398 әр түрлі спорттық санаттағы спортшылар және алғашқы топтағы спортшылар жаттығуда. Спорт мектебімізде Қазақстанға еңбек сіңірген, жоғары санаттағы және бірінші жоғарғы санаттағы жаттықтырушылар қызмет етіп жатқанын айтты.
«Төрешілік ету – қателікті кешірмейді. Себебі ол төрешінің абыройына нұқсат келтіре отыра, спортшының да сағын сындырады» дейді супервайзер.
Бүгінде бапкердің баулыған спортшылары түрлі әлемдік додаларда топ жарып жүр. «Ерен еңбегі үшін» медалімен және түрлі төс белгі, грамоталармен марапатталған.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*