Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » ЖАСТАР – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ

ЖАСТАР – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ

Бүгін Әл-Фараби ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен С.Ерубаев атындағы №24 IT мектеп-лицейінде «Жастар – ел дамуының болашағы» тақырыбында кездесу өтті.
Кездесуге Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция майоры, Карбеков Бауыржан Қанатұлы, Психология ғылымдарың докторы, гештальт, психолог Асанова Салтанат Сайлауқызы, Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының», алдын алу бөлімінің мұғалімі Жургенбаева Назира, мектеп инспекторы Ауелов Марлен Тұрғанбекұлы және Полиция мойоры Ирисбеков Рахымжан қатысты.
Кездесуде сала қызметкерлері жасөспірімдер арасында көптеп кездесетін мәселелерге тоқталып, жат қылықтардан аулақ болуға шақырды. Сондай-ақ, құқықтық сауаттылық пен психологиялық бағытта толыққанды ақпарат айтылып, жастармен кері байланыс орнатылды.
Сонымен қатар, Абай ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Профнавигация» жобасы аясында кездесу өткізілді. Аталған шараның мақсаты — жалпы білім беру мекелерінің жоғары сынып оқушылары үшін кәсіптік бағдар беру, мансаптық траекторияны құру. Жоба аясында өткен кездесуге Тұран ауданы төтенше жағдайлар департаменті инспекторы Жорабек Нұрсұлтан қатысып, өз саласы жөнінде әңгімеледі. — Елге қызмет жасау әрбір азаматқа борыш. Менде өз борышымды өтеу үшін және өз қалаған мамандық иесі атану үшін «Өрт сөндіру» қызметін таңдадым. Жұмысым қиындықтар мен қауіптерге толы болсада, осы мамандықты таңдағаныма еш өкінбеймін. Сіздерге айтарым, мамандық таңдауда қателеспеуге шақырамын, — деді Жорабек Нұрсұлтан. Кездесу соңында бітіруші түлек жастары сұрақ-жауап алмасып, естелікке суретке түсті.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*