Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » ШЫМКЕНТ ЖАСТАР ЛИГАСЫ: ЖАСТАР АРАСЫНДА ФУТБОЛДАН ОЙЫН ӨТТІ

ШЫМКЕНТ ЖАСТАР ЛИГАСЫ: ЖАСТАР АРАСЫНДА ФУТБОЛДАН ОЙЫН ӨТТІ

Бүгін Шымкент қаласы әкімдігінің бастамасымен «Шымкент жастар лигасы» жобасының 3 кезеңі Абай ауданына қарасты футболдан топтық ойындары өтті.
Шара барысында сала мамандары жасөспірімдерге құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ олардың құқықтық сауттылығын арттыру мақсатында, адам денсаулығына зиянды жақтары бойынша нұсқаулық берді. Жасөспірімдер арасында өте кең таралған зиянды заттар вейп сигареттер мен энергетикалық сусындардың адам ағзасына тигізер зияндығы туралы ақпарат бере отырып, зиянды заттарды ерте жастан қолдану жасөспірімдердің денсаулығына орасан зор қатер туғызатындығын ескертті.
Жоба — мектеп оқушыларының бос уақытын тиімді ұйымдастыру, салауатты өмір салтын насихаттау, зиянды әрекеттерден аулақ болуын, спортпен шұғылдану арқылы олардың ерік пен табандылығын қалыптастыру және Қазақстан Республикасының чемпионаттарына команда жасақтау мақсатында ұйымдастырылып келеді.
Лигаға қатысуға қаламыздағы 151 жалпы білім беру мекемесінен футбол, волейбол, баскетбол және шахмат ойындарына 536 команданың қатысуына өтініш түсті. Командалардың жұмысын үйлестіру үшін 420 дене шынықтыру мамандарын жұмылдырылып, тікелей 8 569 оқушының бос уақытын тиімді пайдалануына ықпал етуде.
Бүгін бас төрешінің бекіткен кестесіне сәйкес Б — тобының кездесулері өтті.
Айта кетейік, футболдан Абай ауданына қарасты жалпы білім беру мекемесінен 37 команда жасақталып, 773 оқушы қатысуда.
Айта кетейік, Әл-Фараби және Абай ауданының мектеп қабырғаларында волейбол ойынынан қыздар арасында тартысты ойын өткен болатын. Атап айтқанда:
Әл-Фарби ауданы бойынша:
1. [А-тобы] — №47 мектепте — №17 және №47, № 9 және №11;
2. [В-тобы] — №18 мектепте — №8 және №18, №14 және №35;
3. [С-тобы] — №64 мектепте — №76 және №75, №6 және №76;
4. [Д-тобы] — № 62 мектепте — №1 және №62, №20 және №7.
Абай ауданы бойынша:
1. [А-тобы] — №86 мектепте — №5 мен №81, №87 мен №50;
2. [В-тобы] — №133 мектепте — №78 және №3, №122 және №26;
3. [С-тобы] — №137 мектепте — № 66 және №95, №95 және №137;
4. [Д-тобы] — №23 мектепте — №136 және №56, №125 және №60.
Еске сала кетейік, өткен жылы «Шымкент жастар лигасына» спорттың футбол, баскетбол, волейбол, шахмат түрлерінен 151 жалпы орта білім беру мектептерінен 514 команда құрамында 5926 оқушы қатысты.

Атап айтқанда, Абай ауданында — 37, Әл-Фараби ауданында -25, Еңбекші ауданында — 40, Қаратау ауданында – 38. Сонымен қатар, командаларға қолдау көрсетуге 151 мектептен Фан – клуб командалары жасақталып 2265 оқушы қамтылды. Осы спорттық жарыстарға төрешілік жасауға және ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуге 400 ге жуық дене шынықтыру және спорт саласының мамандары жұмылдырылды.

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*