Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ШЫМКЕНТТЕ «АЛҒАШҚЫ ЖҰМЫС ОРНЫ» ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

ШЫМКЕНТТЕ «АЛҒАШҚЫ ЖҰМЫС ОРНЫ» ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Шымкентте «Алғашқы жұмыс орны» жобасы іске қосылады. Бұл жоба жұмысқа алғаш рет орналасатын, еңбек тәжірибесі жоқ жастарды қолдау мақсатында іске асырылып отыр. Жұмыспен қамту орталығы жұмыс берушілермен келісім-шарт жасап, оқу орнын енді тәмамдаған жастар 24 ай жұмыспен қамтылады. Нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі төмендеп, жастар екі жылдық тәжірибе мен біліктілігін арттырады.
Жобаға 29 жасқа дейінгі және жұмыссыз жүрген азаматтар, жұмыс өтілімі жоқ жастар қатыса алады. Еңбекақысы 20 айлық есептік көрсеткіш көлемін құрап отыр.
Үміткерлер жұмыспен қамту орталығының тіркелген мекенжай бойынша аудан бөлімшесіне жеке куәлігі мен білімі туралы құжаттық көшірмесін тапсырып, өтінім бере алады.
Алғашқы жұмыс орнына орналасуға көп балалы немесе аз қамтылған отбасылар, еңбекке қабілетті мүгедектер мен техникалық және кәсіптік мамандық иелеріне басымдық беріледі.
Айта кетсек, бұл жоба «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың» 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының ІІІ-бағыты аясында жүзеге асырылып отыр.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*