Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауында «Үкімет жүйесіз бағдарламалар қабылдау тәжірибесін тоқтатып, тұрғын үй саясатын жетілдірудің бірыңғай моделін әзірлеуі қажет», деп айтып өткен болатын.
Осы тапсырма негізінде Шымкент қаласында «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасының негізінде тұрғын үйлердің жалпы аумағын ұлғайту мақсатында тұрғын үйлерді пайдалануға тапсыру жоспары бекітілді, деп хабарлайды jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.
Бүгінде Шымкент қаласындағы «Тұран-2» шағынауданның 29- орамында мемлекеттік бюджет есебінен 1080 пәтерлі 20 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде, деп хабарлайды jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.
Былтыр осы аумаққа жылу, су, кәріз желілері мен электр жүйесі тартылған.
Биыл мұнда ішкі орамның жерін тегістеу, абаттандыру жұмыстары, аяқжол және асфальт жол құрылысы жүргізіледі.
Нысандарды қолданысқа беру екінші жартыжылдыққа жоспарлануда.
Одан бөлек, Шымкентте тозығы жеткен тұрғын үйлер мәселесін шешу мақсатында алғаш рет реновациялау бағдарламасы іске қосылуда. Қазір бағдарламаны жүзеге асыру үшін арнайы штаб құрылды. Қала аумағындағы жөндеуді қажет ететін тұрғын үйлерге мониторинг жүргізіліп, бағдарламаны кезең-кезеңімен жүзеге асыру жоспарланып отыр. Жаңа бағдарлама қаланың сәулеттік келбетіне кері әсер ететін ескірген ғимараттарды жойып, мегаполистің сәулеттік ерекшелігіне сай зәулім үйлер қатарын арттыру үшін қолға алынып отыр. Бағдарламаның шартына сәйкес, құрылыс жұмыстары меншік иелерінің келісімі бойынша жүргізіледі. Меншік иелеріне құрылыс кезеңінде уақытша баспана немесе пәтер жалдау үшін ақшалай өтемақы беріледі. Айта кетейік, Шымкент қаласында «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасының негізінде тұрғын үйлердің жалпы аумағын ұлғайту мақсатында тұрғын үйлерді пайдалануға тапсыру жоспары бекітілді.
Ал, оның орындалуын қадағалау басқармаға жүктелген. Бұл тұрғын үйлердің басым бөлігі қаланың аумақтардың егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына сәйкес, солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан ШымСити, Тұран, Әкімшілік іскерлік орталығы, Бозарық шағын аудандарында орналасатын көпқабатты тұрғын үйлер есебінен жоспарлануда.