Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ “QAMQOR» БАҒДАРЛАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ “QAMQOR» БАҒДАРЛАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ

Жыл басында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болып,  үшінші мегаполистің былтырғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша есеп беріп, алдағы кезеңге арналған жоспарын таныстырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Мұрат Әйтеновке әлеуметтік мәселелерді шешу, қала тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыру, сондай-ақ Шымкент қаласын одан әрі дамыту жөнінде бірқатар міндет жүктеді.

Осы орайда, Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов пен «Отбасы банк» АҚ-ның төрайымы Ляззат Ибрагимова ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі. Екі жақты меморандум негізінде денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, энергетика және БАҚ саласының қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жеңілдетілген несие беру мақсатында «Qamqor» өңірлік бағдарламасы әзірленді.

Бағдарлама аясында 150 адамды жеңілдетілген несиемен қамту мақсатында жергілікті бюджеттен 3 млрд.теңге қаржы қаралды.
Несие бойынша мөлшерлеме 5%, алғашқы жарна 10%, 20 жыл мерзімге беріледі.
Бүгінгі уағдаласу тұрғын үй кезегіне тұруға жатпайтын, баспанасы жоқ азаматтарды пәтермен қамтуға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, қалада 50 мыңға жуық азамат баспана кезегінде тіркелген. Олардың қатарында 1941 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, 10 524 көпбалалы отбасы, 17 330 халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы, 20 147 мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйым және әскери қызметшілер, 28 жалғыз тұрғын үйі апатты жағдайда деп танылған азаматтар бар. Өткен жылы тұрғын үй кезегіне тіркелгендерге 3 мыңға жуық пәтер берілді. Оның ішінде халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы, көпбалалы отбасыларға және жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға 748 пәтер табысталды. 1276 пәтер — «Отбасы банк» АҚ-ы арқылы «2-10-20 Бақытты отбасы», «5-10-20 Шаңырақ», «5-20-25» бағдарламалары бойынша несие негізінде берілді. Ал, биыл «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 324 арендалық, 1621 несиелік және жұмыс істейтін жастарға 888 пәтер беріледі деп жоспарлануда. Сонымен қатар, жыл қорытындысымен салынатын 72 тұрғын үйден 3072 пәтерлі 67 тұрғын үй пайдалануға беріледі. Бұдан бөлек, жыл соңына дейін жұмыс жасайтын жастар үшін нарықтан 900 пәтер сатып алу жоспарланған.

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*