Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » «БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ» – ЖАСТАРҒА МАМАНДЫҚ ТАҢДАУДА БАҒЫТ БЕРЕТІН ЖОБА

«БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ» – ЖАСТАРҒА МАМАНДЫҚ ТАҢДАУДА БАҒЫТ БЕРЕТІН ЖОБА

Шымкентте «Болашаққа қадам» жобасы жалғасып жатыр. Бүгін жоба аясында қаладағы мектеп оқушылары арасында семинар өтіп, мектеп бітіруші түлектер «Бал Текстиль» кілем фабрикасының жұмысымен танысты.
Алдымен қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы және Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен №65 мектепте 9-11 сынып оқушылары арасында мамандық таңдау бойынша семинар өтті.
Алғаш сөз алған Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарманың басшысы Мұратжан Шотанов жастарға мамандық таңдауда осындай жобалардың берері мол екенін атап өтті.
– Жобаның мақсаты – бітіруші түлектерге мамандық таңдауда жол көрсету. Жастарды қолдау, болашақта мамандық алуына жағдай жасау, сапалы білім беру мәселесі Президент Жолдауында айтылды. Соған байланысты, Шымкентте осындай үлкен жоба қолға алынды. Жоба аясында жастарды қаладағы кәсіпорындармен таныстырып, өндіріс орындарына қандай мамандықтар керек екенін, олардың жұмыстарының маңыздылығын, не өндіріп, не ұсынатыны жете түсіндіріледі. Бұдан бөлек, түрлі семинар мен тренингтар ұйымдастырылып келеді. Бұл қаламыздағы әр жастың келешегі үшін пайдалы дүние болатынына сенеміз, – деді Мұратжан Шүкірханұлы.
Семинарда спикерлер баяндама жасап, оқушыларға мамандық таңдауда өз кеңестерін ұсынды.
Оқушылар «Бал Текстиль» кілем фабрикасының өндіріс барысымен танысты. Өндірістегі автоматтандырылған жүйе және ондағы қызметкерлердің жұмысымен жіті танысқан оқушылар жобаның мамандық таңдауда серпін бергенін атап өтті. Олар осындай үлкен фабриканың дизайнері, IT маманы болсам деген ойларын жасырмады.
– Фабрикада 450 ден астам маман бар. Жылда қаламыздағы оқу орындарымен тығыз байланыстамыз, жеңіл өнеркәсіп саласын бітіргендерді жұмысқа тартамыз. Болашақта өндірісімізді кеңейтсек, мамандар керек болады, – деді өндіріс басшысы Нұрғали Тоқсанбай.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*