Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » ШЫМКЕНТ: ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ ЖЕР СІЛКІНІСІНЕ ДАЯРЛЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЫНЫҢ ЖОСПАРЫ ТҮЗІЛДІ⁣⁣

ШЫМКЕНТ: ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ ЖЕР СІЛКІНІСІНЕ ДАЯРЛЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЫНЫҢ ЖОСПАРЫ ТҮЗІЛДІ⁣⁣

Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қаласы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Нұржан Қаракөзев мәлімдеді. ⁣
–Жер сілкінісі – экономикалық және адам шығыны жағынан ең үлкен зиян келтіретін табиғи сипаттағы жағдай. Олар тиктоникалық, жанартаулық, опырмалы, техногендік болып төртке бөлінеді. ҚР қағидалар жинағына сәйкес, Шымкент қаласының аумағы 8 баллдық сейсмоқауіптік аймаққа жатады. Осы ретте төтенше жағдайлар департаменті жергілікті атқарушы органмен бірлесе отырып, қаладағы барлық білім беру мекемелеріне, аурухана, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарға, адам көп шоғырланатын орындарда тоқсан сайын сейсмикалық оқу-жаттығу өткізеді. Тұрғын алаптар мен аудандарда тұратын тұрғындарға сейсмикалық жоспар түзу бойынша бес жылға перспективалық жоба түзілген, – деді спикер.
Орын алуы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алуға немесе орын алған жағдайда Шымкент қаласы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының атқаратын іс-әрекетін толыққанды пысықтау мақсатында қала әкімдігінің қаулысы бекітіліп, 5 мамырда қала аумағында жалпықалалық оқу-жаттығу өткізу жоспарланған.
Қазіргі таңда жалпықалалық жер сілкінісіне даярлық оқу-жаттығу өткізілетіні туралы бес ауданның тұрғындарына үгіт-насихат жүргізілуде. Бұл мақсатқа департаменттен Азаматтық қорғау қызметі бөлімінен 21 қызмет құрылған. Олар төтенше жағдай орын алған кезде қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында алдын ала қауіпсіз орындарды дайындады.
Ағымдағы жылдың 5 мамырында өткізілетін жалпықалалық сейсможаттығуға дайындық жұмыстары келесідей өтеді.
Олар: қала тұрғындарын ақпараттандыру мақсатында,
«Жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекет» тақырыбы бойынша эфирлік арналарды ұстау арқылы дауысты хабарлама күні бүгінге дейін берілуде.
Қазақ және орыс тілдерінде сурдоаудармасымен бейнеролик әзірленіп, бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік парақшаларда жарияланып, білім беру, денсаулық сақтау мекемелеріне, ойын-сауық орталықтарына, әуежай, вокзалға таратылып, ЛЭД-экран арқылы қала тұрғындарына жеткізілді.
Жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттер көрсетілген электронды брошюралар әлеуметтік желілерде жарияланды.
Аталған жұмыстар бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен насихатталып, арнайы тақырыптық билбордтар әзірленді.
Қала тұрғындарының назарына! Шымкентте 5 мамыр күні сағат 10:00-де жалпықалалық дабыл қосылады. Дабыл қосылғанда дүрбелеңге салынбай, үйдегі электр көздерін сөндіріп, қауіпсіз аймаққа шығуларыңыз қажет.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*