Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Аймақ тынысы » ШЫМКЕНТТЕ ФОРВАРДТЫҚ ШАРТ БОЙЫНША КӨКӨНІС ӨНІМДЕРІ ШЕКТІ БАҒАНЫ ҰСТАП ТҰР

ШЫМКЕНТТЕ ФОРВАРДТЫҚ ШАРТ БОЙЫНША КӨКӨНІС ӨНІМДЕРІ ШЕКТІ БАҒАНЫ ҰСТАП ТҰР

Мемлекет басшысы маусымаралық кезеңде ішкі нарықты көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету үшін және баға динамикасын тұрақты ұстап тұру мақсатында форвардтық келісім-шарттар түзу тапсырған болатын. Осыған орай көктем және жаз айларында көкөніс бағаларын тұрақтандыру мақсатында Шымкент қаласы әкімдігі мен «Колесников», «Сейдахметов» секілді ірі шаруа қожалықтары арасында бірқатар келісім-шарттар түзілді. Мәселен «Колесников» шаруа қожалығы 120 гектар жерге ерте пісетін картоп сортын егіп, 1000 тоннадан астам көкөніс алуды жоспарлаған. Кәсіпкердің ерте көктемнен басталған еңбегінің арқасында қазір егіс алқабындағы өнім ойдағыдай.
Сондықтан картоп бағасын нарықта шекті суммадан асырмау үшін тұрақтандыру қорынан аталған қожалыққа қаражат бөлінді.
Осы келісім шартқа сәйкес шаруа қожалығының өнімдері наурыз, сәуір айларында бір қалыпты бағаны сақтады. Ал алдағы мамыр, маусым айларында да картоп бағасы осы шектен аспайтын болады. Қазір «Колесников» шаруа қожалығының қоймасында 300 тонна картоп және 150 тонна сәбіз бар, олар өз өнімдерін қалаға жақын орналасқан Түркістан облысы, Ордабасы ауданындағы «Александр бағы» қоймасында сақтап отыр. Шаруа алдағы уақытта көкөніс өнімдерін ұлғайтуды жоспарлауда.
Сондай-ақ келісім шарт негізінде қалада биылғы жылдың наурыз, сәуір, мамыр айларына 1600 тонна картоп, 1100 тонна сәбіз, 1000 тонна пияз, 1100 тонна қырыққабат бекітілген сауда орындары арқылы белгіленген бағада сатылып келеді.
Бұдан бөлек, күзде пісетін көкөніс өнімдері бойынша 2 000 тонна көкөніске форвардтық шарт түзіліп, 2023 – 2024 жылдары маусымдық кезеңде нарыққа шығарылатын болады. Жалпы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары мен көкөністер бағасын бірқалыпты ұстап тұру мақсатында қала әкімдігі алдағы уақытта кәсіпкерлермен бірге арнайы келісім шарт түзуді жалғастыра бермек.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*