Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » Шымкентте 700-ге жуық ерекше балаға стоматологиялық қызмет көрсетілді

Шымкентте 700-ге жуық ерекше балаға стоматологиялық қызмет көрсетілді

Мемлекет басшысы өз Жолдауында денсаулық саласына баса мән берді. Ол: «Еліміздің басты құндылығы – адам. Бұл – айқын нәрсе.  Сондықтан, ұлттық байлықты тең бөлу және баршаға бірдей мүмкіндік беру – реформаның басты мақсаты. Ұлт саулығы жақсы болса ғана, қоғам орнықты дамиды. Медициналық инфрақұрылымды кешенді түрде жақсартуға баса назар аудару керек», деп атап өтті.

Осы орарйда, Шымкент қалалық клиникалық балалар ауруханасы ерекше балаларға арналған жобаны қолға алды, деп хабарлайды jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Аталған жоба аясында бүгін 700-ге жуық баланың тісіне түрлі ем шаралар жасалды. Соңғы үлгіде жабдықталған мамандандырылған стоматологиялық кабинетте тісті емдеумен қатар, ауыз қуысына диагностикалық тексерулер жүргізіліп, емдеу шаралары тағайындалды. Дәрігерлер церебральды сал ауруы, аутизм сырқаттарға шалдыққан балалардың ауыз қуысы мен тісін арнайы әдіспен, наркоз беру арқылы жеңіл түрде емдейді. Стоматалогиялық кабинет дәрігерлері пациенттерді жергілікті емханалардың жолдамасы арқылы қабылдайды.

Айта кетейік, Шымкент қаласында ерекше балаларға арналған мамандандырылған стоматологиялық кабинет ашылған болатын. Жаңадан ашылған кабинетте дәрігерлер церебральды сал ауруына шалдыққан және басқада мүмкіндігі шектеулі балалардың ауыз қуысы мен тісін арнайы әдіспен, наркоз беру арқылы жеңіл түрде емдейді. Асардағы балалар ауруханасында ашылған стоматалогиялық кабинетте ақ халаттылар науқастарды тегін қабылдайды. Бұл үшін жергілікті емханадан пациенттің жолдамасы қажет. Стоматологиялық кабинетте тісті емдеумен қатар ауыз қуысына диагностикалық тексеру жүргізіліп, бір жерден ем-дом тағайындалады. Кабинет рентген, наркоз аппараты сынды қажетті жабдықтармен қамтылған. Шымкент қалалық клиникалық аурухана базасынан ашылған стоматалогиялық кабинет жұмыс күндері сағат 09:00-18:00 аралығында жұмыс істейді.

Сонымен қоса, Шымкент қалалық стоматологиялық емханада түнгі ауысымдағы кабинеттер саны артты. Тіс емханасы тәулік бойы екі ауысымда, таңғы сағат 08:00-ден кешкі сағат 20:00-ге дейін, 20:00-ден таңғы 08.00-ге дейін күндізгі және түнгі ауысыммен жұмыс істейді.

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*