Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » ҚАЗАҚТЫҢ БІРТУАР АЗАМАТЫ ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕК АТЫНДАҒЫ ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ

ҚАЗАҚТЫҢ БІРТУАР АЗАМАТЫ ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕК АТЫНДАҒЫ ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Гүлжан Сүгірбаева оқу ордасына Өзбекәлі Жәнібеков есімін беруді ұсынды. Ұсыныс «Тарихи тұлғалар: ұлттық тәрбие және сабақтастық» атты республикалық форум барысында айтылды.
ОҚМПУ ректорының кеңесшісі, профессор Құлбек Ергөбек «Мектеп ұстазы. Жастар ұстазы. Ұлт ұстазы» тақырыбында баяндама жасап, мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің қайраткерлігі хақында ой қозғады.
Құлбек Сәрсенұлы қазақтың қазіргі тарихында өзіндік орны бар бірегей тұлға жайлы тың деректермен бөлісті. Еңбек жолын ауыл мектебінде қарапайым ұстаздықтан бастаған Ө.Жәнібековтің ұстаздық қабілетін айшықтап, жастардың көшбасшысы, идеологиялық жұмыстың қозғаушы күші санатындағы қайраткерлік қасиетін бағамдады. Елден ерек қарымы, тағылымды еңбегі жөнінде мазмұны терең мағлұматтар берді. Ұлттық руханиятқа қосқан өлшеусіз үлесін, мәдениет саласының өрістеп дамуына, ұлттық мәдени құндылықтардың қайта түлеп жаңғыруына сіңірген еңбегін Ұлт ұстазы ретіндегі бейнесі арқылы ашып көрсетті.
Ал, форум аясында қайраткерлік рухтың тәлім-тәрбиеге қосар үлесі ескерілгені болар, оқу орны ішінен «Өзбекәлі Жәнібек орталығы» ашылды.
– Өзбекәлі Жәнібек – ұлт ұстазы! ОҚМПУ ұжымы университетті қоғам қайраткерінің есімімен атасақ деген ұсынысын ортаға салып отыр. Ал, бүгін осы ұсыныстың алғашқы қадамы ретінде «Өзбекәлі Жәнібек орталығы» ашылды. Бұл — қоғам қайраткеріне деген құрмет, игілікті іс. Өзбекәлі Жәнібек – Мектеп ұстазы. Жастар ұстазы. Ұлт ұстазы, – деді жазушы Қ.Ергөбек.
«Орталық ұлт тарихындағы біртуар тұлғаның этнографиялық бай мұрасын зерттеуге қызмет етеді», дейді ғалымдар. Яғни, ұлттық құндылықтарды, қазақ мәдениетінің қалыптасу үрдісі мен даму белестерін ғылыми тұрғыда дәйектеуге жәрдемші болып, педагог мамандардың білімі мен тәжірибесін кеңейтуге үлесін қоспақ.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*