Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » Шымкент: Биыл Абай ауданындағы 60 көшеге асфальт төселеді

Шымкент: Биыл Абай ауданындағы 60 көшеге асфальт төселеді

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында «Жергілікті өзін-өзі басқару мәселелеріне, қоғамдық кеңестердің, пәтер иелері кооперативтері мен мүлік иелері бірлестіктерінің  қызметін өзгертуге  айрықша назар аудару қажет. Тұрғын-үйлер мен қала инфрақұрылымын абаттандыру мәселесін қолға алу керек, деп айтып өткен болатын.

Осы орайда, қалалық инфрақұрылымды жүйелі дамыту мақсатында жүргізілген жұмыстар бойынша биыл Абай ауданында 60 көше пайдалануға беріледі, деп хабарлайды jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.

Жалпы аудан аумағында 1274 көше бар. Оның ішінде 573 шақырымды құрайтын 688 көшеге асфальт, 540 көшеге шағал тастары төселген. Жоспарға сәйкес, 60 көшеге асфальт төсеу жұмыстарына 2023 жылы 3,1 миллиард қаржы қаралған. Сондай-ақ, 6 көшеге аяқ жол салуға және ретке келтіру жұмыстарына 25 шақырымға 178 миллион теңге бөлініп отыр. Атап айтар болсақ, олар Ынтымақ шағын ауданындағы Имантау көшесі, Есенов көшесі, Шардара көшесі, Бәйдібек би даңғылында орналасқан Прайм парк тұрғын үй кешенінен А-2 тас жолына дейінгі аралық, сондай-ақ Самал-3 шағын ауданындағы Юсупов және Алпамыс батыр көшесі.

Сонымен қатар, Қаратау ауданында 70 көшеге асфальт төселеді. Асфальт төсеу жұмыстары «Қайтпас», «Тұран», «Достық» шағынауданындарында, «Таскен», «Тассай» «Сайрам» тұрғын алаптарында және «Бозарық» саяжайында жүргізілетін болады. Сондай-ақ, Қаратау аумағында 4 шағынаудандағы көшелерге шағал тас төсеу жоспарлануда. Көшелерді жарықтандыру жұмыстары «Нұртас», «Тұран», «Қайтпас», «Мирас» шағынауданындарында, «Сайрам», «Мәртөбе», «Тассай», «Таскен» тұрғын алаптарында атқарылады. Жоспар бойынша 24 көшеге жарық жүйелері жүргізіледі. Биыл Шымкентте жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайын 71,2%-ға жеткізу жоспарлануда.

Айта кетейік, Мұрат Дүйсенбекұлының тапсырмасына сәйкес, жыл басында қала аумағындағы жолдардың сапасын арттыру мақсатында арнайы мониторинг жасалған болатын. Осыған сәйкес, талдау нәтижесінде жөндеуді қажет ететін 20 магистраль көшеге биыл орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін болды.

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*