Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » Шымкентте үш мыңға жуық адам оңалту шараларымен қамтылды

Шымкентте үш мыңға жуық адам оңалту шараларымен қамтылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Мемлекет, ең алдымен, бәріне бірдей мүмкіндік беріп, әділдік орнатады. Қоғам игілігіне арналған қызмет деңгейі жоғары болуына кепілдік береді. Әлеуметтік жағынан әлсіз топтағы азаматтарға қолдау көрсетеміз. Мүмкіндігі шектеулі жандарға да көмектесеміз», деп басып айтты.

Осы орайда, Шымкент қаласында үш айда 2723 адам оңалту шараларымен қамтылды, деп хабарлайды jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.

Арнаулы әлеуметтік қызметтер әлеуметтік салада психоневрологиялық ауытқуы бар, тірек-қимыл аппараты функциялары бұзылған мүгедек балаларға, 18 жастан асқан психоневрологиялық ауруы бар азаматтарға, өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын жалғызілікті І-ІІ топтағы мүгедектер мен қарттарға стационар, жартылай стационар, үйде қызмет көрсету жағдайында мемлекеттік мекемелерге альтернатив ретінде үкіметтік емес ұйымдар арқылы жүзеге асырылады. Осы бағытта басқармаға қарасты 11 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтар бар, орталықтарда 1030 қызметкерлер қызмет көрсетеді. Орталықтардың 2023 жылға жоспарланған қаржысы – 4 258,8 миллиард теңге. Оның 24,8 пайызы игерілді. Есепті 3 ай кезеңге 2723 адам оңалту шараларымен қамтылды.

Айта кетейік, 2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Шымкент қаласында 219 отбасы, 299 адам қандас мәртебесін алды. Ал 6 айға қандас мәртебесін ұзартқандар саны 12 отбасынан 18 адамды құрап отыр. Қоныс аударған қандастар ТМД және шетелдерден көшіп келген этникалық қазақтардың басым бөлігі Өзбекстан Республикасынан келгендердің үлесінде. Өзбекстаннан келген – 290 адам, Қытайдан – 3 адам, Ресейден – 5 адам, Қырғызстаннан – 1 адам. Қоныс аударған қандастардың басым бөлігі құрылыс саласында, сауда – саттықпен және басқада жалдамалы жұмыстармен айналысады. Шымкент қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығына бүгінгі таңға 47 қандас жүгінген. Олардың ішінен 29 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылған.

Атап айтқанда: — 4 адам бос жұмыс орындарына жолдамамен жолданған; — 2 адам жастар практикасына жолданған; — 4 адам қоғамдық жұмыстарына жолданып, жұмысқа қабылданған; — 18 адам «Бастау Бизнес» жобасы шеңберінде оқыған.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*