Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Театр » КӨРЕРМЕНДЕРДІҢ КӨҢІЛІНЕН ШЫҚҚАН ҚОЙЫЛЫМ

КӨРЕРМЕНДЕРДІҢ КӨҢІЛІНЕН ШЫҚҚАН ҚОЙЫЛЫМ

Америкалық әйгілі драматург Нил Саймонның «Әумесерлер» пьесасы қазақ тілінде тұңғыш рет сахналады. Әлемдік әдебиеттің інжу-маржанына айналған туынды Шымкент қалалық әзіл-сықақ және сатира театрында қойылды.
ХХ ғасырдың 80 жылдарында жазылған пьесаның күні бүгінге дейін айтар ойы терең, көтерер жүгі ақуымды. Қоғамдағы біршама мәселелер комедияда кеңінен көрініс табады. Білім-ғылым, мәдениет пен теңдік, махаббат пен достық ерекше бейнеленген қойылым көрермендердің де көңілінен шықты.
Оқиға желісі тұрғындар бір тылсым әсерінен әумесерлерге айналған ауылға Леон мұғалімнің келуінен бастау алады. 200 жыл бұрын екі жастың махаббатына қарсы қаскөй ауыл адамдарының бәрін махаббаттан мақұрым, оқу-білімнен ада етіп, өмірбақи еселаң қалыпта өтсін деп дуалағаны белгілі болады. Сауатсыз жұртты білімге баулымақ болған мұғалімнің өзі әумесерлердің қатарына қосылып кете жаздайды. Солай жүріп ұстаз Леон оқушысы Софьяға ғашық болып қалады. Оны байқаған зұлым Зубрицкий мұғалімге қандай талап қояды? Леон мен Софья бірге бола ала ма? Тұрғындар дуаның күшін қалай жояды?
Бұл сұрақтардың жауабын біліп, тартыстар шиеленісінің қалай дамитынына куә болғыңыз келсе 22-28 наурыз аралығында, сағат 18:30-да «Әумесерлер» пьесасына келіңіз.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*