Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫН ДАМЫТУ МАҚСАТЫНДА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫНДА «АТА-АНАЛАР АКАДЕМИЯСЫ» БЕКІТІЛГЕН

ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫН ДАМЫТУ МАҚСАТЫНДА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫНДА «АТА-АНАЛАР АКАДЕМИЯСЫ» БЕКІТІЛГЕН

Шымкент қалалық прокуратурасы мен білім басқармасының «Мейірім-жүректен» атты бірлескен айлық жоспары бекітілді. деп хабарлайды jetpisbai.kz. Бұл туралы Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Тәжиева Жанат Арысбекқызы брифинг барысында мәлімдеді. Іс-шара 25 сәуір мен 25 мамыр күндері аралығында өтеді. Аталған шараның мақсаты — жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың, жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстардың профилактикасы, сондай-ақ өзіне-өзі қол жұмсау фактілерін болдырмау және өмір қауіпсіздігін сақтау. Бүгінде кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында 7 бағытты қамтитын кешенді іс-шаралар жоспары бекітіліп, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Бүгінде кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау комиссиясының құрамында 56 мүше бар. Олар ата-ана құқығынан айыру, бейімдеу немесе девиантты балалар орталығына жіберу, кешкі мектепке орналастыру және білім беру ұйымдарының есебін тыңдау негізінде жұмыс істейді. Сонымен қатар, Шымкент қаласының білім беру ұйымдарында 320-дан астам тәрбие жөніндегі орынбасар, 170-ке жуық әлеуметтік педагог және 270-ке жуық педагог-психолог қызмет атқаруда. Барлық білім беру ұйымдарында медиация кабинеттері ашылған және тәрбие жұмысын дамыту мақсатында «Ата-аналар академиясы» бекітілген. Ал, басқарма жанынан психологиялық-педагогикалық қызмет, тәрбие беру орталықтары құрылып, жұмыс атқаруда. Айта кетейік, қазіргі таңда қаламыздағы білім беру ошақтарында «Әкелер мектебі», «Аналар/әжелер мектебі», «Ұлдар клубы» мен «Қыздар клубы» сынды ұйымдар жұмыс істейді. Сондай-ақ, «Үштік одақ», «Оқуға құштар мектеп», «Мектеп Парламенті» «Өзін-өзі басқару», «Дебаттық қозғалыс» сияқты тәрбиелік мәні бар жобалар іске асырылуда. Мектеп қабырғасындағы бұл жобалардың бірі сыни ойлау дағдыларын қалыптастырса, енді бірі көркем әдебиетке қызығушылықты оятады. Ал, ең бастысы ата-ана мен оқушы-мектеп байланысын арттыруға айтарлықтай үлес қосады. Сонымен қатар, «Adal urpaq» және «Sanaly urpaq» еріктілер клубтары білім алушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетке тәрбиелеуге бағыттайды.

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*