Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Руханият » КӨРНЕКТІ МҮСІНШІ — 70 ЖАСТА!

КӨРНЕКТІ МҮСІНШІ — 70 ЖАСТА!

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы «Miras» аймақтық қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Жиын Қазақстандық мүсін өнерінің қас шебері, бірқатар қайталанбас туындылардың авторы көрнекті мүсінші Дәурен Әлдековтың 70 жасқа толуына арналған.
Шара барысында «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанар Бектаева, Монументалист, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің кавалері Насыр Рустемов, ҚР суретшілер Одағының мүшесі, «Ерең еңбегі үшін» медалінің иегері Абдуахат Муратбаев, ҚР Суретшілер одағының мүшесі, Түркістан облысы Суретшілер одағының төрағасы Нурлан Шилибаев, Қазақстан Республикасы Ауған соғысы ардагерлері кеңесінің төрағасы Шарипбай Утегенов, тағы басқалар сөз сөйлеп, Дәурен Әлдеков ағамыздың қаламызға, облысымызға жалпы Қазақ еліне сіңірген еңбегін еске алды.
Даурен Алдековтың мүсіндері ең көп біздің Оңтүстік өңірде қалған екен. Олардың бірі метафизикалық тұрғыдан жобаланған – Байтұрсынов, Момышұлы, Әл-Фараби мүсіндері. Қоламен қапталған –Қазығұрт жылқысы. Сондай-ақ, музей қазынасының меншігіне айналған – алаңсыз балалық шаққа деген сағынышты басып, жанға жайлылық сыйлайтын «Ән» композициясы. Мұның бәрі жерлесіміздің бізге қалдырған асыл мұрасы.
Қоғамдық кеңес отырысы Дәурен Әлдековты еске алу, туындыларымен жақынырақ танысу, туындыларын өскелең ұрпаққа кеңінен насихаттап түсіндіру мақсатында өткізілді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*