Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Руханият » Әйел-отбасы шырағы, білікті басшы

Әйел-отбасы шырағы, білікті басшы

«…Қазақ халқының аса бір ұлы қасиеті…қынаптан суырып алған қылыштай қолма-қол қиып айтатын айтқыштығында, айтыскерлігінде. Бұл қай халықтың алдында да мақтануға тұрарлық өнер» М.Әуезов.

Бүгін «Парасат жолы» орталығында Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен айтыскер ақын, «Құрмет» орденінің иегері Маржан Есжановамен «Әйел-отбасы шырағы, білікті басшы» атты сыр-сұхбат кеші өтті. ф.ғ.к. Анар Жаппарқұлова, айтыскер ақын Бекарыс Шойбек, Б.Өтеп атындағы дарынды балаларға арналған «Өнер» мектеп-интернатының түлегі Нұрғали Әнәпия ZOOМ бағдарламасы арқылы кешімізге қосылып, мерейлі 50 жасымен құттықтап, жүрекжарды тілектерін айтты.

Кеш барысында ақынның өнері мен өмір жолы жайында қызықты сұрақтар қойылып, толымды жауаптар беріліп жатты. Талай жыр додасына түсіп, сөз бен ойдың тапқырлығын жарқырата көрсете білген Маржан ханым өз кезеңінде айтыс дәстүрін дамытып, сүбелі жеңіс биігінен көріне жүріп, елу жастың белесіне де шығыпты. Сұхбаттасу кешінен Маржанның суырыпсалмалық және ұлтжандылық қасиетінен әсерлі ой түйдік. Кітапхана басшысы З.Сембекқызы сөз алып, Маржан шығармашылығына арналған «Жақсыларды жыр еттім» кітапшасы мен гүл шоғын тарту етті.

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*