Ойын алаңшаларының ашылу салтанаты мерекелік шараға ұласып, түрлі ойындар ұйымдастырылды. Балаларға демеушілер тарапынан сыйлыққа ойыншықтар үлестіріліп, тәтті балмұздақ тарту етілді. Биылғы жылы Еңбекші ауданында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында көп қабатты тұрғын үйлердің 35 үй ауласы абаттандырылып, 25 ойын алаңшасы орнатылады. Ал, алдағы күндері жеке секторлы үйлерде 11 кешенді спорт және ойын алаңшалары тұрғындардың игілігіне тапсырылатын болады.
Қазіргі таңда негізгі көпқабатты үйлер орналасқан шағынаудандар Қаратау және Әл-Фараби ауданының әкімшілік шекаралық аумағына қосылған. Бүгінде аудан бойынша 283 көпқабатты үйлер 132 аулаға біріктірілген. 2021 жылдан бастап абаттандыру жұмыстары «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында іске асырылуда. Атап айтатын болсақ, 2022 жылы «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында аулаларды абаттандыру 2021 жылмен салыстырғанда 1,8 есеге артты. 2022 жылы 75 көпқабатты үйдің аулаларын абаттандырылып, жеке секторда 11 – кешенді балалар ойын алаңшалары құрылды. 2023 жылдың І-кезеңмен 26 көпқабатты үй ауласын және жеке секторда 1 кешенді балалар ойын алаңшаларын құруға қаржы бөлінді. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу іс-шарасы нәтижесінде жеңімпаз мердігер мекемелер жұмыстарын жүргізуде.
Сондай-ақ, Тұран ауданында балалар ойын алаңшасының құрылысы басталды. Қазіргі уақытта Жарқынбеков №17, Бәйдібек би №246, Мангельдин 40, Отырар №52 көп қабатты тұрғын үй аулаларында және Құрсай елді мекеніндегі Құлантөбе, Ұзынағаш көшелерінде, Ақтас және Арғымақ елді мекендерінде құрылыс жұмысы қарқын алды. Бекітілген жоспарға сәйкес, құрылыс жұмыстары шілде айының соңына дейін аяқталып, пайдалануға берілетін болады. Қазіргі уақытта аудан бойынша 366 ойын алаңшасы бар. 2023 жылдың қорытындысымен, Тұран ауданында барлығы 10 балалар ойын алаңшасының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілетін болады.