Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » «ЕРЕКШЕ ЖОЛ» ҚОРЫНЫҢ ӨЗ ЕРЕКШЕ ЖОЛЫ БАР

«ЕРЕКШЕ ЖОЛ» ҚОРЫНЫҢ ӨЗ ЕРЕКШЕ ЖОЛЫ БАР

Мемлекет басшысы «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Әлеуметтік жағынан әлсіз топтағы азаматтарға қолдау көрсетеміз. Мүмкіндігі шектеулі жандарға да көмектесеміз. Президент жанындағы Омбудсмен тағайындалады» деп атап өткен болатын.
Осы бағытта ерекше балалардың әлеуметтенуіне көмектесу үшін Шымкентте бірқатар қоғамдық қорлар бар. Солардың бірі – “Ерекше жол”. Оны шымкенттік Роза Беркешева басқарады.
Р. Беркешеваның айтуынша мұнда ерекше балаларды оңалтудың ең сенімді жолы-инклюзия екен. Сонымен бірге қоғам барлығына ашық және мейірімді болуы керек. Осы мақсатқа жету үшін “Ерекше жол” қоғамдық қоры өзінің әрбір іс-шарасын осы оқиға дәрежесіне көтеруге тырысып келе жатқандарына биыл- 5 жыл.
Қор өзінің 5 жылдық мерекелік іс-шарасын «»Достық үйінде» атап өтті.
Шараны ұйымдастыруға «Ерекше жол» қоғамдық қорынан басқа Шымкент қаласының Азаматтық Альянсы мен «ARMAN ALANI» Қазақстандық коалициясы» ЗТҰ ұйытқы болды.
Мерекелік шараға Шымкент қаласының әкімдігі мен мәслихаты, Білім, мәдениет, спорт, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау басқармалары, Шымкент қаласының үкіметтік емес ұйымдары, сонымен қатар, қорымыздың меценаттары мен қайырымды жандар қатысты.
Мерекелік бағдарлама аясында Шымкент қаласының үздік шығармашылық ұйымдары мен әншілерінің өнер көрсетті. Қордың тарихы, фотокөрмесі, мүшелерінің қолөнер көрмесі де жиналған жұртшылықты қызықтырды.
Айта кету керек, қоғамдық қор ерекше балаларды инклюзиялау, әлеуметтендіру мәселесін ең жоғары деңгейде шешуде қарқынды қызмет етіп келеді.
Нақтырақ айтқанда, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін олардың өзін-өзі жетілдіруі және білім берудің барлық деңгейлерінде оқуын жалғастыруы үшін де психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметі құрылып, арнайы жағдайлар регламенттелді.
Оқушының даму ерекшеліктеріне байланысты оқу бағдарламаларының өзгергіштігін, икемділігін қамтамасыз ететін нормалар әзірленді. Осы бағытпен жұмыс істеп келе жатқан қордың әлі де атқарар жұмыстары алда көп.
Мерекелік іс-шараға қатысқан қонақтар 1 маусым балаларды қорғау күніне орай келген «Ерекше жол» қоғамдық қордың 5 жылдығында қор қызметкерлеріне сәттілік тілеп, істеріне сәттілік тіледі.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*