Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » НҰРШУАҚ ШАҒЫНАУДАНЫ ЖОҒАРЫ ЖЫЛДАМДЫҚТЫ ИНТЕРНЕТПЕН ҚАМТЫЛАДЫ

НҰРШУАҚ ШАҒЫНАУДАНЫ ЖОҒАРЫ ЖЫЛДАМДЫҚТЫ ИНТЕРНЕТПЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Жыл басында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болып,  үшінші мегаполистің былтырғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша есеп беріп, алдағы кезеңге арналған жоспарын таныстырды.

Мемлекет басшысына қала әкімі жыл соңына дейін шет аудандардың тұрғындары ауыз сумен және электр қуатымен толық қамтамасыз етілетінін баяндаған болатын.

Қасым-Жомарт Тоқаев Мұрат Әйтеновке әлеуметтік мәселелерді шешу, қала тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыру, сондай-ақ Шымкент қаласын одан әрі дамыту жөнінде бірқатар міндет жүктеді.

Шымкент қаласының Абай ауданына қарасты Нұршуақ елді мекеніне биыл талшықты оптика желісін жүргізу жоспарға енгізілген болатын. Маусым айының соңына дейін елді мекен оптика желісімен қамтамасыз етіледі.

Қазіргі таңда инвестор тарапынан интернетпен қамтуға қажетті құрал-жабдықтар алынып, елді мекен көшелеріне оптика желісін тарту жұмыстары жүргізілуде. Тиісті жұмыстарды маусым айының соңына дейін аяқтап, 10 000-ға жуық тұрғынға жоғарғы жылдамдықты интернет желісіне қосылуға мүмкіндік жасалынады.
Сонымен қатар, Нұршуақ елді мекеніне базалық станция орнату үшін «Kcell» АҚ мен келіссөздер жүргізіліп, инвестор тарапынан антенна-мачталық құрылғы орнатуға келісім жасалды. Бүгінде инвестор тарапынан базалық станцияны орнату үшін жер телімдерін рәсімдеу жұмыстары атқарылуда. Тиісті жұмыстарды алдағы 4 ай көлемінде аяқтау жоспарланып отыр.
Айта кетейік, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 2021-2023 жылдары 312 көшені жарықтандыру жоспарланған. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үлкен қалаларда тұрғындарға қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптастыруды тапсырған болатын. Осы тапсырманы орынау мақсатында Шымкент қаласының әкімдігі «Шымкент қаласын жарықтандырудың құрылысын салу, қайта құру және пайдалану» жобасын әзірлеген. Жобаның аясында 2021 жылы Шымкентте 136 көше жарықтандырылды. Солардың арасында шалғай елді мекендер мен шағын аудандардағы Гүлдала, Жоламан, Ағайынды Тәжібаевтар, Сыздықов, Егемен ел, Қазына, Әлмахан қажы және Жабай ата, Аргоферма Қарасу, Ақсуат секілді көшелерді атап көрсетуге болады.
Бұдан бөлек 2021 жылы 30 көшедегі ескі жарық шамдар, заманауи LED шамдармен алмастырылды. Шамы жаңарғандардың арасында Темірлан тас жолы мен Ю.Гагарин, Түркістан, Төле би секілді орталық көшелер де бар.Қаладағы жарықтандыру желілері автоматтандырылған басқару жүйесіне қосылып жатыр. Диспетчерлік орталықта қай көшелер қосылып немесе өшіп тұрғандығын, қай көшеде қанша жарықшам істен шыққандығын көрсететін бұл жүйеге әзірге 40 көше қосылған. Жыл соңына дейін 100 көше қосылады деп жоспарланып отыр.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*