Жемқорлық бұл – қызметтік лауазымды пайдалана отырып, оны жеке мүддеге пайдалану. Жемқорлық, әсіресе мемлекеттік органдарда қауіпті. Тәжірибе көрсеткендей, жемқорлық мемлекеттік басқару жүйесін бұзады, экономиканың дамуына шектеу қояды, әсіресе экономика саласында ұйымдасқан қылмыстың өсуіне мүмкіндік береді. Алайда, көп жағдайда азаматтардың өзі лауазымды қызметкерлердің осындай қадамға баруына себепші болады. Сондықтан да, заң бойынша «алушыға» ғана емес, «берушіге» де жауапкершілік артылған. Мемлекеттік құрылымдардың қандай әрекеттері жемқорлыққа жатады? Басқа мемлекеттік органдар, мекемелердің жұмысына заңсыз жолмен араласу; Қызметтік лауазымды пайдалана отырып, жеке басының не туыстарының материалдық қызығушылықтарын қанағаттандыруға байланысты мәселелерді шешу; Мемлекеттік қызметке заңда белгіленбеген басымдықтарға ие болып өту және өсу; Шешімді дайындау мен қабылдау барысында біреуге заңсыз жолмен басымдық беру; Кәсіпкерлік қызметті не басқа табыс әкелетін саланы жүзеге асыруда заңда белгіленбеген кез келген әрекетпен көмек көрсету; Мемлекеттік қызметті жүзеге асыру барысында алынған ресми жариялануға жатпайтын ақпаратты жеке мүддеге пайдалану; Заңда жариялауға рұқсат етілген деп бекітілген ақпаратты беруден бас тарту, оны кешіктіру, жалған не толық емес ақпарат беру, заңда жариялауға тиістігі бекітілмеген ақпаратты жеке және заңды тұлғалардан талап ету; Жоғары тұрған ресми тұлғаларға қызметтік емес ілтипат көрсету не сый жасау (әдепті және қонақжайлылық бойынша жалпы қабылданған нормаларға сәйкес символикалық ықылас көрсету, символикалық кәдесыйлар тарту, сонымен қатар, ресми және хаттамалық шараларды өткізуді қоспағанда); Жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңдық мүдделерін қанағаттандыруға тосқауыл болу; Мемлекеттік немесе осыған теңестірліген қызметі үшін жеке тұлғалар мен мекемелерден ақшалай, қызметтік және басқа формада сый алу болып табылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қаіпсіздігін қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардлаптарын жою және кінәлілерді жауапқа тарту арқылы мемлекеттік органдардың, мемлекеттік міндеттерді атқаратын лауазымды және басқа да адамдардың, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдардың тиімді қызметі қамтамасыз етуге бағытталған және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі принциптерін айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерін, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгілейді.
Әрине, сыбайлас жемқорлық дәрі беріп емдейтін сырқат емес. Айналасындағы салуатты, таза және сау ортаны шарпып, тыныс-тіршілігін тарылтатын, заңсыз әрекеттермен қоғамдық ортаның, ұйымдардың, дара кәсіпкерлердің, азаматтардың қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті дертті болдырмаудың тетігі халықтың өзінде. Бұл дерттің алдын алып, қоғамға таралу жолдарын кесіп, оның ұлғаюына жол бермеу керек. Ол үшін аталған дертке болып, ат салысып, қарсы жұиылуымыз қажет. Сонда ғана ел мүддесі үшін зор үлес қосатынымыз және халық сенімінен шығатынымыз анық.
Еңбекші ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасының
жетекші маманы Б.Шамшидин