Түркістан қаласында орналасқан «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығы бір жыл бұрын өз жұмысын бастаған болатын. Аталған орталықта зейнет жасындағы адамдардың салауатты өмір сүруі мен денсаулығына оң жағдай жасау бойынша қызметтер көрсетіледі.
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы, облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева орталықтың жұмысымен танысып, қызмет алушы қариялармен тілдесіп қайтты.
Облыс әкімінің орынбасары ардагерлермен мен зейнеткерлерге қамқорлық жасау, қарт адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту, оның ішінде жүйелі бос уақытты ұйымдастыру, оларды қоғамның белсенді өміріне тарту мемлекетіміздің саясатының басым бағыттарының бірі болып табылатынын жеткізді.
Атап өтерлік, өзіне-өзі қызмет ету және белсенді қимыл-қозғалыс қабілетін сақтаған қарт адамдарға әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-білім беру, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-тұрмыстық және бос уақытты пайдалы өткізудің кешенін ұсыну, олардың белсенді өмір сүру салтын сақтау және дамыту жұмыстары тұрақты түрде атқарылып келеді.
Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында зейнеткерлерге дәрігердің бақылауы мен кеңесі бойынша психологиялық көмек, тұзды бөлме, сенсорлық бөлме, массаж, сауықтыру-гимнастика, ЛФК кабинеті, еңбек терапия, фитотерапия, ағартушылық кабинет, акт залы, кітапхана алаңы, бильярд және теннис ойын алаңы, қосымша би, ән тағы басқа үйірмелер қызмет етеді.
Бүгінде Түркістан қаласында 14 915 мыңнан астам зейнеткер бар. Орталықта күнделікті 60-70 зейнеткер, ал айына 160-250 адам тиісті қызметтерді алады. Жыл басынан жоспар бойынша 2000 адамға қызмет көрсету жоспарланған.