Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Көкейтесті » Түркістанда 50 жылға жуық қызмет көрсететін орталық жұмыс жасауда

Түркістанда 50 жылға жуық қызмет көрсететін орталық жұмыс жасауда

Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына бағынысты «№1 Түркістан арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы КММ» (әрі қарай – Орталық) жалпы 510 қызмет алушыға арналған. Орталық 1976 салынған.
Орталықта қызмет алушыларға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.08.2018 жылғы «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларын бекіту туралы» № 379 бұйрығының (әрі қарай – Қағида) және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 13.05.2019 жылғы № 238 «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 165 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығына (әрі қарай – Стандарт) сәйкес қызмет көрсетіледі.
Жалпы орталықта 18 жастан асқан шизофрения, ақыл-есі кемістігі бар, эпилепсиямен, орталық жүйке жүйесінің органикалық зақымданулары бар I, II — топтағы 510 мүгедектігі бар адамдар қызмет алады.
Қызмет алушыларға қолданыстағы Қағидалар мен Стандартқа сәйкес кепілдендірілген Арнаулы әлеуметтік қызметтердің 8 түрі ұсынылуда. Олар: әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік — мәдени, әлеуметтік-құқықтық және әлеуметтік-экономикалық қызметтер.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*