Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » ТҮРКІСТАН: ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДА ӘЛЕУМЕТТІК САЛА БОЙЫНША ӨТІНІШТЕР ҚАРАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДА ӘЛЕУМЕТТІК САЛА БОЙЫНША ӨТІНІШТЕР ҚАРАЛДЫ

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева азаматтардың мәселесін тыңдады.
Онлайн-офлайн қабылдауда басқарма басшысына тұрақты жұмысқа орналасу, мемлекеттік бағдарламаларға қол жеткізу, жастарға көрсетілетін қолдаулар төңірегінде сұрақтар қойылып, өтініштері қаралды. Олардың бірқатары қабылдау барысында шешімін тапты.
Мәселен, Кентау қаласының тұрғыны Б.Мирзаханов тұрақты жұмыспен қамту мәселесі бойынша жүгінді. Өтініш иесінің талап-тілегі зерделеніп, Заң аясында жауап берілді. Ресми жұмыссыз мәртебесі анықталғаннан соң, Кентау қаласындағы «Эверест» ЖШС-гі электр жөндеуші және жұмысшы қызметіндегі бос тұрған жұмыс орындары ұсынылатын болды.
Сонымен қатар, Әсия Құралқызы әлеуметтік желі арқылы өткен тікелей эфирде жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар туралы мағлұматтармен бөлісті. Қазіргі таңда «Алғашқы жұмыс орны» бағдарламасы жастар үшін мерзімі 6 айдан 1 жылға дейін ұзартылып, еңбек ақысы да едәуір өскені айтылды. «Жастар практикасы» жобасы да тұрақты негізде жүргізіледі.
Жеңілдетілген 2,5 пайыздық шағын несие беру, жастар арасындағы кәсіпкерлікті дамыту мақсатында 5 млн. теңгеге дейін алуға мүмкіндік бар. Әлеуметтік осал топтағы азаматтар үшін де қайтарымсыз грант беру шарасы қарастырылған.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*