Қазақстан Республикасының Президенті Қасым — Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған жолдауында сыбайлас жемқорлықпен күрес күшейтілетінін айтты. Абай ауданы бойынша МКБ-ның мамандары да жолдауды қолдап отыр.
Мемлекеттік органдардың әсіресе, мемлекеттік бюджеттің ашықтығы талап етілетін болады. Жемқорлық барлық салада бар. Қанша күресіп жатырмыз десе де, осы бір індеттен құтыла алмай-ақ қойдық. Соның ішінде мемлекеттік қызметкерлер арасында қызметін пайдаланып, осындай жымысқы әрекетке барып жатқандар кездесіп отыр. Олармен құқық қорғау қызметкерлері жұмыс жүргізуде.
Президент бұл жолғы жолдауында мемлекеттік қызметкерлерді 10 пайызға қысқарту керектігін атап өтті. Ондағы мақсат пайдасы жоқ бастықтарды азайтып, керсінше пайдалы кадрларды қалдыруды меңзеген еді.
Биылдан бастап жемқорлық үшін істі болғандарды мерзімінен бұрын босату шарасы тоқталды. Жемқорлық оқғалары болмау үшін қазір барлық саланы цифрландыру шаралары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстар қаншалықты тиімді болары уақыттың еншісінде.
Перизат ТӨЛЕНДИЕВА,
Абай ауданы бойынша МКБ-ның бас маманы.