Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » ОТЫРАРЛЫҚ КӘСІПКЕР АУЫЛЫНА ЖЕДЕЛ-ЖӘРДЕМ КӨЛІГІН ТАРТУ ЕТТІ

ОТЫРАРЛЫҚ КӘСІПКЕР АУЫЛЫНА ЖЕДЕЛ-ЖӘРДЕМ КӨЛІГІН ТАРТУ ЕТТІ

Отырар ауданы Қарақоңыр ауыл округі ерекше жағдайға куә болды. Жергілікті кәсіпкер, ауданға белгілі азамат Әбдімәжит Сыздықбеков ауыл тұрғындарының денсаулығын жақсарту мақсатында ауылдағы емдеу мекемесіне заманауи жедел-жәрдем көлігін тарту етті. Аталған игі шараға арнайы барып қатысқан Отырар ауданының әкімі Сәкен Сұлтанханов ауыл тұрғындарын құттықтап, қашанда ауыл азаматтарын жақсы істерге бағыттап жүрген елге жанашыр, қолы ашық кәсіпкерге шынайы алғысын айтты.
Аудан басшысы өз сөзінде: «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауылдық жерлерде өмір сүру сапасын жақсарту және жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру туралы айтып, ауылға ерекше көңіл бөліп келеді. Жақында ғана Маяқұм, Көксарай ауыл округтеріндегі емдеу мекемелеріне «Samruk-Kazyna Turst» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен заманауи жедел жәрдем көліктері табысталған еді. Енді міне елге жанашыр, іскер азаматтардың қолдауымен Қарақоңыр ауыл округіндегі емдеу мекемесі де жаңа жедел жәрдем көлігімен қамтылып отыр. Міне, дана халқымыз ауылына қарап азаматын таны деп бекер айтпаған. Біз Әбдімәжит Сыздықбековтың бұған дейін де өзінің туған жерін түлетуге қосқан үлесі мен еткен еңбектерін жақсы білеміз. Бүгінгі елге жасаған өнегелі ісіңіз аналар мейрамы қарсаңында ауыл халқына ерекше тарту болды деп санаймын»-дей келе жедел жәрдем автокөлігі ауыл тұрғындарының денсаулығын жақсартуға, жедел емдеу шараларын көрсетуге үлес қосатынына сенім білдірді.
Ерекше сәттің куәсі болған емхана дәргерлерімен бірге ауыл округінің тұрғындары да қуаныштарын жасыра алмай, атымтай жомарт кәсіпкерге алғыстарын жаудырып, еліне қарасып, барымен бөлісе білетін азаматтың кәсібіне береке тіледі. «Ер-туған жеріне» деген халқымыз. Міне ауылымызда жүректері иманға толы ер азаматтарымыз бар екен. Алалға шүкір! Әр бала осы Әбдімәжит бауырымыздың ісінен өнеге алып, еліне, халқына адал қызмет ете берсін»,-деген тұрғындар ақ тілегін жаудырды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*