Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ЖЕМҚОРЛЫҚ — ҚАУІПТІ КЕСЕЛДІҢ БІРІ

ЖЕМҚОРЛЫҚ — ҚАУІПТІ КЕСЕЛДІҢ БІРІ

Адамзатқа ертеден таныс сыбайлас жемқорлық – заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі. Басқа дамушы елдер сияқты, біздің жас мемлекетімізді де жегі құрттай бұл кесел айналып өткен жоқ.

Сондай-ақ, күні бүгінге дейін Сыбайлас жемқорлықпен күресу мәселесі жыл сайынғы халыққа жолдаудың басым бағыттары мен мақсаттарының қатарынан түскен емес.

Бұл ретте, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына «СЫНДАРЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ӨРКЕНДЕУІНІҢ НЕГІЗІ» атты жолдауының 5 маңызды және мақсатты басымдықтарының ішінде де осы сыбайлас жемқорлық індетімен күресу мәселесі күн тәтібінен түскен емес. Яғни, жолдаудың ең негізгі 5 тарауы келесідей бағыттарды қамтиды: 1) Заман талабына сай мемлекет; 2)Азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету; 3) Қарқынды дамыған және инклюзивті экономика; 4) Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі; 5) Қуатты өңірлер – қуатты ел. Осы орайда, азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ең басты міндеті бұл сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оның жүзеге асырылуына негіз болатын себептерін анықтап жою табылады.

Сонымен бірге, жолдауда баяндалған: «Орталық және жергілікті органдардың нормативтік құқықтық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу  ісін қайта қалпына келтіру қажет. Бұған сарапшылар мен қоғам өкілдері де атсалысуы тиіс. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс жасалған мекеменің бірінші басшысының жауапкершілігін заңнамалық және нормативтік тұрғыдан нақты белгілеу керек. Сондай-ақ, заңсыз және арандатушылық әрекеттерге барғаны үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының қызметкерлерін қатаң жазалау керек. Ондай қызметкерлерге тергеу саласында орын жоқ» делінген осы талаптарды жалпы мемлекеттік қызметкерлер қызмет барысында негізге алуы шарт болып тұр.

Жоғарыдағылардың негізінде, сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызыда оте зор. Яғни бүгінгі күнге әділет органдары тарапынан да бұқаралық ақпарат құралдары, интернеттің әлеуметтік желілері арқылы осы мақсатта түрлі құқықтық түсіндіру шаралары өтізілуде және бұл шаралар қарапайым халықтың өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулеріне септігін тигізуге қажет. Конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту бүгінгі күндегі басты мақсат болып табылады.

                                                                                                                                                                                      Шымкент қаласының Әділет департаменті Әкімшілік

бөлімінің басшысының м.а.

Қ.Қыстау

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*