Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Көкейтесті » ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ ОРЫНБАСАРЫ САРЫАҒАШ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ

ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ ОРЫНБАСАРЫ САРЫАҒАШ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ

Түркістан облысына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгінов және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице- министрі Дудник Вячеслав Сарыағаш аудандық орталық ауруханасына барды.
Үкімет басшысының орынбасары Алтай Көлгінов орталық аурухананың бүгінгі жағдайымен танысып, ақ халатты абзал жандармен еркін форматта сұхбаттасты.​
Сапар барысында дәрігерлік амбулаториялар мен фельдшерлік акушерлік пункттерді салу қажеттілігі, санитарлық автокөліктердің жетіспеушілігі, жалпы тәжірибелік дәрігерлерінің мәртебесін көтеру мәселелері талқыланып, тиісті мекемелердің басшыларына тапсырмалар жүктелді.
Биылғы жылы ауданда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы бойынша көпсалалы ауданаралық орталық аурухана және қан айналым жүйесі аурулар орталығының құрамында перинаталдық орталығы бар кешен салу жұмыстарының атқарылуын, құрылымы мен оның құрылыс жобасымен танысты. Қан айналым жүйесі аурулар орталығының сыйымдылығы, төсек қоры және техникалық-экономикалық көрсеткіштерімен хабардар етілді. Бұл орталық алдағы уақытта бір ғана Сарыағаш аудан халқына емес, сонымен қатар көрші Қазығұрт, Келес, Шардара аудандарына да медициналық көмек түрлерін көрсететін болады.
Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгінов Сарыағаш аудандық орталық ауруханасы кеңейтіліп, көп салалық аурухана ғимаратына қол жеткізіп, МРТ, УЗДГ аппараттарын жаңартып, аурухана ​ қажетті құрал-жабдықтарменен толық қанды қамтамасыздандырудың қажет екендігін қосымша атап өтті.
Сондай-ақ, құрылыс жұмыстары 2022 жыл басталған Қарақалпақ, Жаңатұрмыс және Жонарық елді мекендерінде фельдшерлік акушерлік пункттердің құрылыс жұмыстарын 2023 жыл қабылдап алу жоспарлануда.
Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғыртудың жобасы арқылы медициналық нысандарды салуды талап ететін елді мекендер аталып өтілді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*