Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ЖОЛ ЖОҚ!

ЖОЛ ЖОҚ!

Сыбайлас жемқорлық – қоғамдағы ең қауіпті әлеуметтік құбылыс­тардың бірі. Ол экономика мен әлеуметтік қатынастарды ғана емес, қоғамның құндылықтары мен моральдық негіздерін бұзып, мемлекеттік аппараттың тиімді жұмыс істеуіне, елдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікке де елеулі қатер төндіреді.

Шымкент қаласында осы қауіпті кеселдің алдын алу мақсатында өз қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар көрініс­те­рін болдырмау, Қазақстан Рес­пуб­ликасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі талаптарының қатаң сақ­талуы бағытында жүйелі жұмыстар жүргізуде. Атап айт­қанда, жыл басынан бері осы тұрғыда құзырлы органдармен бір­лесе отырып, бірнеше рет үгіт-насихат жұмысы мен семинар-кеңес, дөңгелек үстел мәжілісі өткізілді.

Қазір елімізде осы қауіп­ті індетке қарсы бітіспес күрес жариялануда. Мемлекеттік қызмет пен сыбайлас жем­қорлыққа қарсы іс-қимыл әрекеттерін жүзеге асыратын арнайы уәкілетті орган қайта құрылды. Жазалаудың қайтымсыздығы ұстанымы да сәтті жүзеге асы­рылуда. Сондықтан мемлекеттік қыз­меткердің атына кір келтіретін әрекеттерден әркімнің де аулақ болғаны жөн. Мұндай заң бұзушылыққа қасақана барғандар қатаң жазаға тартылады.

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*