Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ТАЛАПТЫ САҚТАУ – ӘРБІР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІНІҢ МІНДЕТІ

ТАЛАПТЫ САҚТАУ – ӘРБІР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІНІҢ МІНДЕТІ

Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік  қызметшілердің моральдық-әдептілік  бейнесіне  жоғары талаптар қояды. Қоғам мемлекеттік қызметші өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін өзі жүзеге асыратын кәсіби қызметіне жұмсайды, әрі Қазақстан Республикасына қалтқысыз, адал қызмет етеді деп сенеді.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік  бейнесіне қойылатын жалпы қабылданған талаптарды, сондай-ақ олардың мінез-құлқының негізгі стандарттарын белгілейді. Аталған кодекс халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін  қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз   мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған.

Мемлекетік қызметшілер мемлекеттік қызмет немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат саласында болып жатқан өзгерістердің  мәнін әртүрлі себептерге байланысты, мысалы негізгі қызмет бағыты бойынша жүктеменің көптігімен, арнайы заң білімінің болмауы себебімен және т.б. сесбептермен толық түсіне бермеуі мүмкін. Осыған орай, мемлекеттік қызмет туралы, сыбайлас жемқорлыққа іс-қимыл туралы заңнама және Әдеп кодексі талаптарын сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік қызметшілерге консультативтік көмек көрсету әдеп жөніндегі уәкілге жүктелген негізгі функциялардың бірі болып табылады. Консультативтік көмек жеке-бағытталған жұмыс болып табылады және мемлекеттік қызметші үшін жеке қабылдауды ұйымдастыру, әңгімелесуді жүргізу.Шымкент қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендірудепартаментінің Әдеп жөніндегі Уәкілі туралы ақпарат баршаға көрінетін жерде (яғни аты-жөні, фотосуреті, кабинет номірі, телефондары туралы мәліметтер) ғимаратқа кіре берісінде орналастырылған.Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Рухани жаңғыру» «Өзгерістерді өзіңнен баста» бағдарламасын іске асыру шеңберінде департаменттің қызметкерлері қоғамдық-мәдени іс-шараларға қатысып отырады. Ұлттық мерекелер департаменттің ұжымы арасында атап өтіледі, осы іс-шараның өзі ұжымдағы моральдық-психологиялық жағдайына, қызметкерлер арасындағы жақсы қарым-қатынас орнауына әсерін тигізетіні сөзсіз.Сондай-ақ Әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметін одан әрі жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Әдеп жөніндегі Уәкілінен «Рухани жаңғыру» «Өзгерістерді өзіңнен баста» бағдарламасын іске асыру үшін мемлекеттік қызметшілер арасында оқуға ұсынылатын әдебиеттер тізімі жолданды, әдебиеттер тізімі әрбір мемлекеттік қызметкердің назарына жеткізілді және де әдеп нормаларының бұзушылықтарының алдын алу бойынша тиісті шаралар қабылдау үшін әрбір мемлекеттік қызметшінің әдеп қағидаларын сақтау міндеттілігі туралы жеке парасаттылық декларациясымен таныстырылды. Әдеп жөніндегі уәкілдің жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылы ұжымның тарихи-мәдени орталықтарға, кітапханаларға баруы жоспарланып отыр. Әдеп нормаларының тәртібін сақтау қағидаларына негізделген, және де моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастаруға бағытталған іс-шаралар департаменттің әдеп жөніндегі уәкілімен одан әрі жалғасатын болады.

Шымкент қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі, Намазбаева Г.К.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*