Мемлекет Басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында «Халық қатысатын бюджет» жобасы тиімді іске асырылып жатыр. Оның ауқымын кеңейтіп, жобаға аудандық маңызы бар қалалар мен ауылдарды тарту керек. Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы қаржысының кемінде 10 пайызы қайда жұмсалатынын қоғамның өзі айқындауға тиіс» деген болатын.
Осы орайда, «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында қала ауданжарында біршама өзгерістер орын алды. Қаламызда елді мекендердің инфрақұрылымын жақсарту бойынша жұмыстар кезең-кезеңімен атқарылуда. Әсіресе, тұрғындар мен балалардың салауатты өмір салтын ұстануына қолайлы жағдайлар қарастырылып келеді. Мәселен, Қаратау ауданында қазіргі таңда 7 ашық спорт алаңшасы, атап айтқанда, Тұран шағын ауданында – 2, Нұртас шағынауданында – 2 спорт алаңша, Таскен тұрғын алабы, Өтеміс тұрғын алабы және Шапырашты тұрғын алабында 1 спорт алаңша жуырда тұрғындардың игілігіне берілетін болады.
Аталған спорт алаңшаларда демалуға арналған орындықтар, қоқыс жәшіктері орнатылады. Сондай-ақ, ересектер үшін дене шынықтырумен айналысуға да мүмкіндік бар. Жаттығуға арналған Workout элементтері спортпен белсенді түрде айналысуға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда, аудан аумағында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 34 балалар ойын алаңшасының құрылысы басталды.
Ал Әл Фараби ауданында биыл 39 аулаға балалар алаңшасы салынып, қажетті спорттық құрылғылармен қамтылады. Сонымен қатар, ауданға қарасты Сәуле шағынауданында 2 ашық спорт алаңшасы салынып, пайдалануға беру жоспарланған.
«Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында Абай ауданында өткен жылы 32 жоба тұрғындар тарапынан ұсынылып, 5 көпқабатты тұрғын үйдің аулалары абаттандырылып, жеке секторда 27 кешенді спорт және балалар ойын алаңшалары құрылған болатын. Биылғы жоспарда 2 көпқабатты үй ауласы және 16 кешенді спорт және жеке секторда балалар ойын алаңшаларын құруға қажетті қаржы қаралып, мердігер мекеме анықталуда.
Атап өтетін жайт, орнатылатын спорт және ойын элементтерінің басым бөлігі Шымкенттегі кәсіпорында өндірілген отандық өнімдер.