Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Көкейтесті » МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕР АДАЛ ҚЫЗМЕТ ЕТУГЕ МІНДЕТТІ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕР АДАЛ ҚЫЗМЕТ ЕТУГЕ МІНДЕТТІ

Мемлекеттік қызметте жүрген тұлғаға артылар жауапкершілік жүгі қай-кезде де ауыр екені мәлім.   Мемлекеттік органдарды қызмет атқарып отырған әрбір мемлкеттік қызметші білім мен тәжірибиесін, күш-жігерін өзі жұмыс жасайтын орында өз кәсібіне жұмсайтыны анық. Мемлекеттік қызметкер өз Отаны – Қазақстан Республикасына, өз халқына қалтқысыз адал қызмет етуі тиіс.

Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлықпен күрес барлық мемлекеттік органдар алдындағы басты міндеттің бірі болып отыр. Қылмыстың бұл түрінің қоғамымыздың барлық саласына тамыр жайып кеткені жасырын емес. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет шараларының ғылыми танымдары мен өзекті мәселелері Қазақстандағы қлғамдық қатынастарды реформалаудың барлық кешенді мәселелерімен тығыз байланыста. Сондықтан да қоғам бойынлдағы бұл кесапат   кеселмен күреске мемлекетіміз айрықша мән беріп отыр.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес – Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесінің бірі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық.

Сыбайлас жемқорлық қылмыстары сияқты қоғамға қауіпті іс-әрекеттер мемлекетіміздің басқару жүйесіндегі сйкесті буындарды тұншықтырып, заңды қызмет жасауына кедергі келтіреді, Ал, іс жүзінде бірқалыпты дұрыс қызмет атқаратын мемлкеттік органдың қызметі ғана қоғамның экономикалық дамуына, оның мүшелерінің құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге қабілетті. Осыған орайт мемлекеттік басқару жүйесін қорғау, оған қылмыстық қол сұғуды болдырмау ең маңызды мәселе болып табылады.

Өйткені мемлекеттік аппарат қоғамды басқару жүйесінің қажеттілігі, басқару жүйесіндегі әр түрлі процестердің реттеушісі болып табылады. Жалпы сыбайлас жемқорлықпен күресу жеке адамдардың немесе жекелеген таптың ғана емес, мемлекеттік органдардың, мемлекеттік қызметкерлердің, тұтастай қоғамның басты міндеті мен борышы. Осыны шынайы орындау үшін әрбір лауазым иесі өзінің жан дүниесін ұдайы таза, адал ұстауы тиіс. Сонда ғана олар қарапайым халықтың сенімін ақтап, қоғамның тежеусіз дамуына үлес қосқан болар еді.

 

Еңбекші ауданы бойынша

мемлекеттік кірістер басқармасының

бас маманы Торламбаев А

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*