Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » «Бизнеске арналған үкімет – Shymkent Invest» орталығы 33 мыңға жуық кәсіпкерге қолдау көрсетті

«Бизнеске арналған үкімет – Shymkent Invest» орталығы 33 мыңға жуық кәсіпкерге қолдау көрсетті

Мемлекет басшысының Жолдауында елімізге инвестиция тарту мәселесіне де ерекше тоқталды. Елдегі экономикалық жағдай соған тікелей байланысты. Демек, бұл өңір басшыларының да тікелей міндетіне кірмек. Үшінші мегаполисте «Бизнеске арналған үкімет – Shymkent Invest» бірыңғай орталығы табысты жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды jetpisbai.kz.

Бұл орталық қаладағы инвестициялық ахуалдың жақсаруына және кәсіпкерлік белсенділіктің артуына ықпал етіп отыр. Нақты айтар болсақ, «Бизнеске арналған үкімет – Shymkent Invest» орталығы 33 мыңға жуық кәсіпкерге қолдау көрсетті. Соның ішінде жыл басынан бері 4,6 мыңнан астам кәсіпкерді бизнес-жоспарды әзірлеуден бастап, жобаны пайдалануға беруге дейін сүйемелдеп, көмектесіп отырған. Осындай жан-жақты қолдаудың нәтижесінде Шымкент қаласы 2021 жылдан бері қарай инвестиция көлемінің арту динамикасы бойынша республикада алдыңғы қатардан көрініп келеді. Инвестиция көлемінің артуы сөз жоқ шаһардың экономикалық көрсеткіштерінің жақсаруына жол ашады.

Мәселен, жалпы өңірлік өнім көлемі 2,1 триллион теңгеден 3,1 триллион теңгеге дейін өсті. Соның ішінде өнеркәсіп өнімі 90 пайызға артып, 492,3 миллиард теңгеден 937 миллиард теңгеге дейін ұлғайды. Әрине, осы орайда осыншама өнім қай жерде өндіріліп жатыр деген заңды сұрақ туындауы мүмкін. Қаланың өндірістік қуаты негізінен жалпы аумағы 869 гектарды құрайтын 5 өндірістік алаңда шоғырланған. Онда 14 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік беретін және жалпы құны 350 миллиард теңгені құрайтын 335 инвестициялық жоба іске асырылып жатыр. Бүгінде бұл жобалардың көпшілігі іске асырылып, нақты жұмыс істеп тұрған кәсіпорынға айналған.

Айта кетейік, «Инвестиция салуға ең қолайлы қала» жүлдесі Шымкентке жайдан-жай беріле салған жоқ. Қаламызда экономиканың басым секторларына инвестициялар тарту үшін бар мүмкіндіктер қарастырылып, жағдай жасалып отыр. Соңғы жылдары бизнесті жүргізу шығындарын азайту, әкімшілік рәсімдерді оңтайландыру, салық және тарифтік саясаттың сапасын арттыру жөніндегі шаралар кешені іске асырылды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*