Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Көкейтесті » ЖЕМҚОРЛЫҚ — ЖАТ ӘДЕТ

ЖЕМҚОРЛЫҚ — ЖАТ ӘДЕТ

Сыбайлас жемқорлық –  бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де зор нұқсан келтіріп отыр.

Жемқорлық – мемлекеттiң экономикасын күйретiп қана қоймай, билік өкілдері туралы терiс пiкiр туғызады. Жемқорлық ірі немесе ұсақ болып бөлінбейді. Жемқорлықтың аты- жемқорлық. Сол үшiн жемқорлықпен күрес науқандық шара болмауы керек. Сондай-ақ, ол тек құзырлы мекемелердiң ғана мiндетiне жатпайды. Онымен бүкiл қоғам болып күрескенде ғана оң нәтижеге жетуге болады. Жемқорлықпен күрес жөнiндегi нақты, әрi кешендi шараларды жүргiзу мәлiметтермен алмасу, сыбайлас жемқорлық әрекеттерiнiң алдын алу үшiн бiрлескен түрде жұмыс iстеу, насихат жұмысына ден қойып, баспасөз құралдарымен тығыз байланыста болу өз нәтижесiн бермек.

Сыбайлас жемқорлықпен күресте көп нәрсе бүкіл қоғамның белсене атсалысуына байланысты. Әлеуметтік желінің, өзге де медиа-ресурстардың дамуы жағдайында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет барысында оны жалпы жұртшылықтың жек көруі күрестің қуатты құралына айналуға тиіс.

Есептеу, талдау және ақпараттық

технологиялар бөлімінің бас маманы

Г. Калышева

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*