Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ЖЕМҚОРЛЫҚҚА БІЗДІҢ ҚОҒАМДА ЖОЛ ЖОҚ

ЖЕМҚОРЛЫҚҚА БІЗДІҢ ҚОҒАМДА ЖОЛ ЖОҚ

Сыбайлас жемқорлық – заманмен бірге өсіп, небір тегеурінді қарсылықтарға қарамастан, қайда көп қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын қатты алаңдатып отырғаны анық.
Шымкент қаласы Ө.А.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ  лицейінде сыбайлас жемқорлыққа алдын алу мақсатында онлайн режимде ата-аналар және ұжым арасында бірқатар шаралар өткізілді.

Оқу жылында сынып жетекшілері оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Адалдық сабақтарын» өткізуді дәстүрге айналдырған.

Лицей ғимаратында кез-келген сұрақпен келушілерге ашық «OPEN SPASE» кабинеті мен шағым жәшігі, сенім телефонының жұмысы да бір жүйеге қойылған.

Мектеп қабырғаларында жемқорлықтың алдын алу бойынша ақпараттық платкаттар көрнекі жерге ілінген.

Лицейге қызметкерлерді HR-PROCESS – бос жұмыс орын бағдарламасы, электрондық еңбек биржасы —  Шымкент қаласының халықты жұмыспен қамту орталығының  жолдамасы арқылы қабылдайды.

Осылайша, қоғамда жегі құрт аталып кеткен жемқорлықпен жұдырықтай жұмыла отырып, тимді түрде қарсы тұруға болады.

 

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*