Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » Шымкентте «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша өтінімдер қабылдау басталды

Шымкентте «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша өтінімдер қабылдау басталды

Мемлекет басшысының жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын жұртшылық әрқашан үлкен үмітпен күтеді. Жолдауда айқындалған ауқымды мәселелер және оларды шешуге бағытталған нақты міндеттер біздің ертеңгі күнге деген сенімді нығайта түсері анық.

Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету саласына Мемлекет басшысы жыл сайынғы Жолдауларында баса назар аудар келеді.  Тұрғын үймен қамтамасыз ету – халық үшін ең өзекті мәселенің бірі.

Бүгін Шымкент қаласында «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша жалпы саны 116 пәтерге өтінімдер қабылдау басталды, деп хабарлайды jetpisbai.kz. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті. Конкурсқа өтініштерді қабылдау мерзімі 22.06.2023 жылдан бастап 18.07.2023 жыл аралығында жүргізіледі.

Аталған конкурсқа 2022 жылы «Бақытты отбасы» бағдарламасының конкурсына қатысып, негізгі тізіміне кірмеген, осы бағдарлама бойынша өте алмаған, яғни өткен жылдың резервтік тізімінде қалған қатысушылар өтінім бере алады. Дәл осы азаматтарға төлем қабілеттілігін растау қажеттілігі туралы ұялы телефондарына SMS хабарлама жіберілген. Яғни қатысушыға смс хабарлама келген жағдайда және төлем қабілеттілігін растап қойса, «Бақытты отбасы» бағдарламасының дәл осы конкурсына қатыса алады.

Конкурстық пәтерлер Шымкент қаласы, «Нұрсәт» шағын ауданында орналасқан 9 қабатты №13,14,15,16 тұрғын үйлерде орналасқан. Ондағы 1 бөлмелі пәтер саны — 54 пәтер, 2 бөлмелі пәтер саны 16 және 3 бөлмелі пәтер саны 46. Өтінішті Otbasybank.kz. жылжымайтын мүлік порталында беруге болады. Несиені рәсімдеу — өтініш берушінің жинақ шотында үй құнының кемінде 10% болған кезде мүмкін болады. Аталған бағдарлама қатысушылары үшін әлеуметтік көмек ретінде қайтарымсыз негіздегі тұрғын үй сертификаттары қарастырылған. Айта кетейік, Шымкентте 659 отбасы тұрғын үй жалдау ақысына субсидия алады. Оның ішінде 2023 жылы 322 отбасының тұрғын үйді жалдау ақысының 50 пайызы мемлекет тарапынан төленіп, субсидияланған.

Ал, 2022 жылы 337 азаматтың аталған әлеуметтік көмекке жолданған өтінімі мақұлданып, жалпы соммасы 30 155 764, 30 теңгені құрады. Тұрғын үй жалдау төлемдерін субсидиялау бағдарламасына тұрғын үй кезегінде тұрған І және ІІ топтағы мүгедектер, мүмкіндігі шектеулі балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар, жетім және ата-анасының қамқорлығынан айрылған балалар, көп балалы отбасылар санатындағы азаматтар қатыса алады. Жалдау ақысын субсидиялауға үміткерлер қатарындағы отбасылардың соңғы 6 айдағы орташа жиынтық табысы отбасының әрбір мүшесіне шаққанда (1) ең төменгі күнкөріс деңгейінен (1 КМ = 40 567 теңге) аспауы тиіс. Субсидия алуға үміткердің депозиттік шоты болуы қажет.

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*