Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Көкейтесті » Шымкент: Бозарық индустриалды аймағында 30 жоба жүзеге асырылады

Шымкент: Бозарық индустриалды аймағында 30 жоба жүзеге асырылады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Жолдауында кәсіпкерлік саланы дамыту мен бизнес идеяларды қолдау шараларымен бірге мемлекет бизнеске көмек көрсету бағдарламаларын жалғастыра беретінін айтқан болатын. Бұл бағытта қаланың индустриалдық аймақтарында жүйелі жұмыстар жасалуда.

Шымкент қаласының индустриалды аймақтары өнеркәсіп саласының дамуына серпін беруде, деп хабарлайды jetpisbai.kz. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов 132,9 гектарды алып жатқан индустриялық аймақта атқарылып жатқан жұмыс барысын қадағалады.

Бүгінде Қайнарбұлақ тұрғын алабы маңында «Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриялық аймағын құру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Мұнда бүгінде 13,5 шақырымдық ауыз су жүйелерінің құрылысы 85%, электр және табиғи газ желісімен қамту жұмыстарының көлемі 88% орындалған. Ал жобада қаралған 2 шақырым жолдың қазіргі таңда 1 шақырымы салынып, 7,9 шақырымдық ішкі орам жолдардың жартысына жуығының құрылысы аяқталған. Сондай-ақ кірме, қоршау, әкімшілік ғимараты бойынша жоба әзірленуде. Аталған индустриялық аймақты жыл соңына дейін іске қосу жоспарлануда. Мұрат Дүйсенбекұлы жауаптыларға ең алдымен сапаны бақылап, кәсіпорындарға қолайлы жағдай жасау бойынша нақты тапсырмалар жүктеді. Индустриялық аймақта алдағы уақытта тамақ өнеркәсібімен айналысатын жалпы құны 73,9 млрд теңгені құрайтын, 1000-нан астам жұмыс орнын қамтитын 30 жоба жүзеге асырылады.

Оның ішінде жалпы құны 25,7 млрд теңгені құрайтын, 560 жаңа жұмыс орнын қамтитын инвестициялық жобалар қолға алынады. Атап айтсақ, оның ішінде жалпы құны 25,7 млрд теңгені құрайтын, 560 жаңа жұмыс орнын қамтитын инвестициялық жобаларының құрылыс жұмыстары бастау алды.

Атап айтқанда, олар: азық-түлік, косметикалық май және жеміс-жидек тағамдарының өндірісі, инвестиция көлемі — 456 млн. теңге, жұмыс орны — 25 адамды қамтиды. Сүт өнімдерін өндіру, инвестиция көлемі – 15 млрд теңге, жұмыс орны — 100 адам болса, газдалған және газдалмаған сусындар өндірісі, тартылатын инвестиция көлемі – 7,2 млрд теңге, жұмыс орны — 300 адамды қамтитын болады. Кондитерлік және жартылай фабрикаттар өндірісіне салынатын инвестиция көлемі – 1,1 млрд теңге, жұмыс орны — 35 адам деп жоспарланып отыр. Газдалған және газдалмаған сусындар өндірісі, 2 млрд тенге, жұмыс орны — 100 адамды қамтитын болады.

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*