Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Көкейтесті » Шымкент: «TEN QOGAM» орталығында қызмет алушыларға 300-ге жуық кітап қоры ұсынылған

Шымкент: «TEN QOGAM» орталығында қызмет алушыларға 300-ге жуық кітап қоры ұсынылған

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында «Біз «Азамат – бизнес – мемлекет» арасындағы қатынасты түбегейлі өзгертеміз. Мемлекет, ең алдымен, бәріне бірдей мүмкіндік беріп, әділдік орнатады. Қоғам игілігіне арналған қызмет деңгейі жоғары болуына кепілдік береді. Әлеуметтік жағынан әлсіз топтағы азаматтарға қолдау көрсетеміз. Мүмкіндігі шектеулі жандарға да көмектесеміз, деп айтқан болатын.
Шымкент қаласындағы «TEN QOGAM» орталығында қызмет алушыларға 300-ге жуық кітап қоры ұсынылған, деп хабарлайды jetpisbai.kz.

Шымкентте 40 мыңнан астам мүгедектігі бар азамат тіркелген. Оларға әлеуметтік қолдау көрсетуден бөлек, бос уақыттарын тиімді өткізуге жағдай жасау аса маңызды мәселе. Бұл мақсатта «TEN QOGAM» орталығында 300-ге жуық кітап қоры бар кітапхана бұрышы қызмет көрсетуде. Мамандардың айтуынша мұнда күніне 20-ға жуық азамат келіп кітап оқиды. Рухани азық — жанға дауа. Жайлы әрі сапалы қызмет көрсетудің нәтижесінде «TEN QOGAM» орталығына келушілер саны күн санап артып келеді. Қызмет алушыларды осындағы арт терапиясы, еңбек және музыка терапиясы мен шахмат, шашка ойындары қызықтырады.

Оған қоса ерекше жандарға жылы ықылас пен білікті психолог маманының қызметі қарастырылған. Орталықта мүгедектігі бар азаматтарға көрсетілетін көмек түрлерінің аясы өте кең. Атап айтқанда, ақпараттық, құқықтық және психологиялық кеңес беріліп, әлеуметтік қызметтер көрсету порталы мен Еqov.kz порталынан қызметтер алу, жұмысқа орналасуға жәрдемдесу бойынша сүйемелдеу жұмыстары жүргізіледі.

Сонымен қатар, тұрғын үй, жер кезегіне тұру және оңалтудың жеке бағдарламасы негізінде (ИПР) көрсетілетін барлық қызмет түрлері бойынша ақпараттық-консультациялық көмек ала алады. Инватакси және Әлеуметтік такси қызметі бойынша өтінімдер қабылданады. Қызмет алушылар мамандардың нұсқаулығымен «әлеуметтік қызметтер порталының» жұмысымен толық танысып, өз беттерінше пайдалануды да үйрене алады. Орталық мамандары сондай-ақ қалаға қарасты шалғай аудандарда тұратын мүгедектігі бар азаматтардың үйлеріне барып, қызмет көрсетуде. Айта кетейік, «Ten qogam» секторының мақсаты Ұлттық жоспардың бағыттары бойынша жауапты мемлекеттік органдар жұмыстарын жалғастыру.

Мысалы, мүгедектіктің алдын алуға бағытталған шараларда денсаулық сақтау саласында медициналық қызметтік сапасы мен қолжетімділігіне байланысты шараларды құзырлы органдармен бірге жүргізу, қоғамдық тасымалдау және автомобиль жолдарына қатысты жолдарда болатын апаттық жағдайлардың алдын-алу мақсатында жол жүру ережелеріне сәйкес белгілерді орнату, Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасының өкілдерімен бірге өз-өзіне қол жұмсау арқылы, денсаулыққа зиянды әсер ететін заттарды (алкоголь, наркотик т.б.) қабылдау арқылы мүгедектікке әкелетін ескерту.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*