Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Көкейтесті » СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕСТІҢ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕСТІҢ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгін­гі күнгі күрделі мәселерінің бірі. Бұл мақсатта қолда­нылып жатқан іс шаралар азаматтардың құқықтарын қорғауға, сыбайлас жемқор­лық көріністерінен туындай­тын қауіп-қатерден сақтауға, құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олар­дың жолын кесу, олардың зардаптарын жою және кінәлілерді жауапқа тарту арқылы мемлекеттік орган­дардың, мемлекеттік міндет­терді атқаратын лауазымды және басқа да адамдар­дың, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдардың тиімді қызметін қамтамасыз етуге бағытталып отыр.

Осы орайда, Шымкент қаласы Молда Мұса атындағы №5 Жалпы білім беретін орта мектепте сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, болдырмау бағытында түрлі шаралар қолға алынып, өткізілуде.

Карантин кезеңіне қарамастан мектептің пегадогикалық ұжымы, анта-аналар арасында онлайн жиындар өткізу жолға қойылған.

Қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент тарапынан өткізілетін Antikor.life алаңында көтерілген мәселелер, мәліметтер ұжым арасында талқыланып отырады.

Мектепішілік қаражат жинауға қатаң түрде тыйым салынған. Мектеп ғимаратында сенім телефоны мен жәшіктері көрнекі жерге орналастырылып, ашықтық қағидасы жолға қойылған.

Мектеп ұжымы арасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік қағидаты қатаң назарда болып, алдын алу шаралары үнемі қолға алынып отырады.

Ж.Сулейменова, Шымкент қаласы, Молда Мұса атындағы №5 ЖОББМ.

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*