Облыс орталығынан шыққан ақпараттық-насихаттық топ мүшелері Ордабасы ауданында болып, Төрткүл және Қарақұм ауыл округтері тұрғындарына Конституциялық реформалар мен Елбасымыздың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында көзделген мақсаттарды түсіндірді. Ордабасы ауданының әкімі А.Мамытбеков жиынды ашып, бұл басқосудың маңызына жан-жақты тоқталды. Бүкілхалықтық талқылау арқылы толықтырылып, өзгерістер енгізілген Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңалығы жөнінде «Көкарал» жалпы орта мектебінің мұғалімі Ж.Мырзақұлұлы баяндады. Оңтүстік Қазақстан облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы А.Үмбеталиев тақырыпты жалғастыра келе, салық жүйесіндегі жетістіктер жөнінде айтып өтті. Сонымен қатар, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуының тетігі де осы салық түсімі екенін, Оңтүстік Қазақстан облысы бүгінде Республикамызда салық түсімдері бойынша алдыңғы қатардан табылатынын тілге тиек етті. Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары М.Қоқанбаев күн тәртібіндегі мәселеге орай жүктелген міндеттер жайын әңгімеледі.
© JETPISBAI.kz